Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / «Қазақстанның денсаулық сақтау саласы-Тәуелсіздікк...

«Қазақстанның денсаулық сақтау саласы-Тәуелсіздікке 30 жыл» конференциясы басталды

Медицина 15.12.2021, 09:19 1,625
«Қазақстанның денсаулық сақтау саласы-Тәуелсіздікке 30 жыл» конференциясы басталды
Сурет: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телеграм каналы

Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы әлемнің ең үздік 22 клиникаларының қатарына енді.


Аталған іс-шараға республиканың саяси және мемлекеттік қайраткерлері - Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Денсаулық сақтау министрлігінің, ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылары және денсаулық сақтау саласындағы еңбек сіңірген қайраткерлер қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телеграм каналына сілтеме жасап.



Е.Тоғжанов құттықтау сөзінде ұлт денсаулығын нығайту елдің маңызды басымдығы болып табылатынын айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бойынша шаралар кешені іске асырылуда. Дәрігерлердің жалақысы көтерілуде. Мемлекеттік саясатты іске асырудың басты нәтижесі - халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту болды.           


Тәуелсіздік жылдарында республикада 1,5 мың денсаулық сақтау нысаны салынды. Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы әлемнің ең үздік 22 клиникаларының қатарына енді, Ұлттық нейрохирургия орталығы Орта Азиядағы көшбасшы орталықтардың бірі болып табылады. Республиканың барлық жетекші стационарлары күрделі операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы жабдықтармен жарақталған.            



Вице-Премьер Денсаулық сақтау саласын дамытуда басты назар алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігі мен сапасына аударылатынын атап өтті. Бүгінде елімізде 7 мың амбулаториялық-емханалық ұйым жұмыс жасайды. Тек осы жылдың өзінде 63 отбасылық амбулатория салынып, пайдалануға берілді. 2026 жылға дейін тағы 500 АМСК нысанын ашу жоспарланған.                      



Денсаулық сақтау саласының дамуы мен қызметі туралы министр Алексей Цой, вице-министрлер Ерлан Қиясов, Ажар Ғиният, «Астана медицина университеті» КЕАҚ ректоры Камалжан Надыров баяндама жасады.             


Ералы Тоғжанов дәрігерлерге коронавирус инфекциясына қарсы күрестегі ерен еңбегі үшін алғыс айтып, әлемдік пандемия елді өз вакциналарымен, дәрі-дәрмектермен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етудің маңыздылығын көрсеткенін атап өтті.           


Премьер-Министрдің орынбасары конференцияға қатысушылар мен барша қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, лайықты марапаттарды табыс етті, жұмыста абырой мен мықты денсаулық тіледі.  


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Махаббат - мәңгі ертегі": әуен мен сезім үндескен кеш

Бүгін 22:32

Оқытудың жаңа стандарттары: Алматының бес мектебі халықаралық IB бакалавриатын енгізіп жатыр

Бүгін 21:43

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика