AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланыс...

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Әлеумет 24.06.2022, 02:20 1,004 Almaty-akshamy
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Cурет: Inform.kz

Бүгін еліміздің тоғыз облысында қатты ыстық болады 


24 маусымда еліміздің тоғыз облысында қатты ыстық болып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
24 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Петропавл қаласында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
24 маусымда Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Желдің бағыты солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Орал қаласында найзағай ойнайды.
Күндіз 24 маусымда Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Күндіз 24 маусымда Абай облысының батысында, орталығында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық - 35 градусқа жетуі мүмкін. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі бар.
24 маусымда Алматы облысында түнде таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-ке жетеді. Қонаев қаласында 24 маусымда түнде найзағай ойнайды.
24 маусым Жетісу облысында түнде оңтүстігінде, күндіз шығысында және таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-ке жетуі ықтимал. Күндіз облыстың шығысында 36 градус аптап ыстық болады.
24 маусымда күндіз Қызылорда облысында 40-44 градус аптап ыстық болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с-ке жетіп, шаңды дауыл соғады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар. Қызылорда қаласында 24 маусымда күндіз 41-43 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі бар.
24 маусым Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз 38 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі бар. Атырау қаласында 24 маусымда найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық болуы ықтимал.
24 маусымда Ақтөбе облысының түнде солтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан, батыстан, солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 35-37 градус аптап ыстық болады. Ақтөбе қаласында 24 маусымда түнде найзағай ойнайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Аптап #найзағай #ауа райы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бизнес нысандарынан шығатын зиянды қалдықтарға бақылау күшейтілді

Бүгін 15:28

Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы іске қосылады

Бүгін 15:25

Маусым айының алғашқы онкүндігінде III Архившілер конгресі өтеді.

Бүгін 15:19

Мемлекет басшысы дәстүрлі өнерді, әсіресе, жыр, терме, күй өнерін дамытуға ерекше мән беру қажет деп санайды

Бүгін 15:15

Президент ұлт руханиятына адал қызмет етіп жүрген мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше мән беріп отыратынын айтты

Бүгін 15:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);