ffin.kz

Қазақстанның бас прокуратурасы: әлеуметтік желіде ұлтаралық араздықты қоздыру жиілеген

Қазақстанның бас прокуратурасы: әлеуметтік желіде ұлтаралық араздықты қоздыру жиілеген Сурет: Elorda.info

Ұлтаралық алауыздық туғызатын адамдар жазадан құтылмайды.


Бұл туралы Қазақстанның бас прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 



Қадағалаушы органның ресми мәлімдемесінде әлеуметтік желіде әлеуметтік және ұлтаралық алауыздықты туғызатын ақпараттар шығып жатқаны туралы айтылған.



"Авторлар азаматтардың ұлттық ар-намысына немесе жалпы этникалық топқа әдейі тіл тигізеді. Өзге ұлт өкілдеріне, соның ішінде тілге қатысты көзқарасына қарай күш қолдануға ашық шақырып жатады. Әдетте, ондай материалдардың авторлары ұсталғаннан кейін өкініп, халық алдында кешіріп сұрайды. Бірақ олар жауапкершіліктен босатылмайды", – дейді прокурорлар.



Осы секілді деректер Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша жазаланады. Оған сәйкес 2-7 жылға бас бостандығынан айыру, ал ауыр салдары болса, 12-20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Сонымен қатар мұндай әрекеттер Қылмыстық кодекстің 3-бабы бойынша экстремистік қылмыстарға жатады. Ал экстремистік әрекеттер үшін қатаң жаза қолданылады. Ол адам өкініп, кешірім сұраса да, татуласса да, қамауға алынады. Бұл санаттағы қылмыстар мерзімі ескірген істерге де жатқызылмайды. Сондықтан кез келген уақытта тергеуді бастауға болады. Оған рақымшылық жасалмайды.



"Бұдан бөлек, мерзімінен бұрын босату қолданылмайды, жеңіл жазамен ауыстыру немесе жазаны кейінге қалдыру да қарастырылмаған. Экстремистік қылмыстар үшін сотталғандар терроризм және экстремизммен байланысы бар ұйымдар мен тұлғалардың тізіміне енгізіледі. Содан бастап қаржы мен мүлкін пайдалану жағынан шектеу қойылады. Белгілі бір банк операцияларын да жасай алмайды", – деп атап өтті прокурорлар.



Статистика бойынша 2019 жылдан бері Қазақстанда 21 адам ұлтаралық алауыздықты туғызғаны үшін сотталды. Мәселен, 2021 жылы Алматы тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сол сияқты WhatsApp және YouТube арқылы этникалық диаспора өкілдеріне қатысты намысқа тиетін пікір айтқан алматылық 5 жылға сотталды.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58