AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанның әскери қызметшілері «Тактикалық мерге...

Қазақстанның әскери қызметшілері «Тактикалық мерген» байқауында көш бастап тұр

Әлеумет 20.08.2022, 05:00 1,457
Қазақстанның әскери қызметшілері «Тактикалық мерген» байқауында көш бастап тұр
Сурет: Inform.kz

Еліміздің үш полигонында, Әзербайжанға қарайтын су аумағында, армянның Дилижанында, Кабардино-Балкария мен Мәскеу облысында қазақстандық жауынгерлер Халықаралық армия ойындарына қатысып, жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр.


Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.


Қарағанды облысында өтіп жатқан «Тактикалық мерген» байқауының кезекті кезеңінде Қазақстан командасы жеңіске жетті. Екі жауынгер жарысында әскери қызметшілер тосқауылға түскен кездегі тактикалық және атыс тапсырмаларын орындады. Қатысушылар қалқалана отырып жылжып, нысанаға оқ жаудырды. Қазақстандық жауынгерлердің нәтижелі әрекеттері байқаудың соңғы кезеңінде оларды жеңіске жеткізді. Екінші орында – Ресей әскери қызметшілері, үшінші орында – Қытай.


Әзербайжан Республикасының Пута әскери-теңіз базасы аумағындағы теңіз полигонында суүсті кемелері экипаждарының «Теңіз кубогы» атты сайысы жалғасуда. Әскери теңізшілер әуе нысанасына артиллериядан оқ атты. Бұл тапсырманы жарыстың барлық қатысушылары сәтті орындап, 45 ұпайдан жинады. Үш жаттығудың қорытындысы бойынша қазақстандық теңізшілер 132 ұпай санымен екінші орында. Бірінші орынды теңдей 135 ұпай жинаған Әзербайжан мен Ресей кемелерінің экипаждары өзара бөлісті.



Кабардино-Балкариядағы «Терскол» тау дайындығы және аман қалу оқу-жаттығу орталығында өтіп жатқан «Эльбрус шеңбері» байқауында әскери қызметшілер таудағы кедергілерден өтіп, топ құрамында атыс жаттығуын орындады. Жарыстың алты арнайы тапсырмасын орындағаннан кейін Қазақстан командасы бәсекелестерінен сәл артта қалып, төртінші орынға табан тіреді. Бірінші орынды – Ресей, екінші орынды – Өзбекстан, үшінші орынды – Қытай альпинистері иеленді. Алда жауынгерлерге таудағы аса күрделі жарыс кезеңі өткізіледі, нәтижесіне сәйкес байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады.


Армян елінің Дилижан полигонындағы «Бейбітшілік жауынгерінде» «Эрудит» зияткерлік кезеңі аяқталды. Әскери тарихты, географияны, халықаралық гуманитарлық құқықты, әлемдік өнер мен әдебиетті білуге арналған жарыста қазақстандық жауынгерлер Ресей мен Беларусь әскери қызметшілерінен кейінгі үшінші орынға тұрақтады. Алда шешуші жарыстар өтетін болады, сондықтан әлі қазақстандық команданың жеңіске жетуге деген мүмкіндігі бар.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#полигон #әскер #жауынгерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);