AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақстанның әскери қызметшілері «Десанттық взвод»...

Қазақстанның әскери қызметшілері «Десанттық взвод» байқауында бағын сынайды

Өмір-өзен 05.08.2021, 09:14 2,239
Қазақстанның әскери қызметшілері «Десанттық взвод» байқауында бағын сынайды
Сурет: Gov.kz

Осы мақсатта әскерилер дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Қазақстандық әскерилер Ресейде өтетін жарысқа дайындалып жатыр. Бұл шара тамыздың 9 күні Рязань қаласында өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Алматыдағы десанттық-шабуылдау бригадасының және Құрлық әскерлері Әскери институтының полигондарында әскери қызметшілер Армиялық халықаралық ойындар шеңберінде «Десанттық взвод» конкурсына қатысу үшін даярлықтан өтуде», – делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Мамандардың айтуынша, десантшылар жаттығу қарқынын үдетуде. Бұл ретте әскери қызметшілер оқ ату даярлығын жетілдіріп, дене шынықтыру дайындығын арттыруда.



«Даярлық жоспарға сәйкес екі кезеңде өткізілуде. Бірінші кезең барысында біз оқ атуды жүктемесіз орындадық. Ал екінші кезеңде минутына пульс қарқыны 170 соққыға дейін, сондай-ақ әртүрлі қалыпта дәл көздеп оқ ату пысықталды», – деді танкіге қарсы қол гранатаатқышынан оқ ату жөніндегі нұсқаушы майор Сергей Батурин. 



Оның айтуынша, бұрын өткізілген жарыстарда жол берілген қателіктер зерделеніп, себептеріне талдау жасалды. Оларды жою бойынша шаралар қабылданды.  


Нұсқаушылар жаттықтыру барысында танкіге қарсы қол гаранатаатқышынан оқ ату кезінде ефрейтор Дәурен Ахметқалидың жақсы нәтиже көрсеткенін атап өтті. Әскери қызметші 150, 200, 250 метр қашықтықтағы жертасадан танкіні имитациялайтын нысанаға дәл тигізіп жояды. 


Конкурс төрт кезеңнен тұрады. Олар десант түсіруді, жерге қону алаңында жиналуды, 10 километр қашықтыққа марш жасауды, жеке жарысты, оқ ату кезінде жауынгерлік машинамен ізге түсу жарысын, сондай-ақ жауынгерлік машиналардағы эстафетаны қамтиды.


Биылғы жылы Армиялық халықаралық ойындар 12 елде өтеді. Ойындар бағдарламасы 34 конкурстан тұрады. Олардың ішінде екеуі – «Артиллериядан оқ ату шебері» минаатқыштар есептоптарының сайысы және «Сұңқар аңшылығы» ұшқышсыз ұшатын аппараттар есептоптарының сайысы Қазақстанда өтеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56

Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 35 жоба іске асырылуда

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);