AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанның арнайы жасақтары халықаралық турнирге...

Қазақстанның арнайы жасақтары халықаралық турнирге қатысып жатыр

Әлеумет 03.02.2025, 16:31 793 dulatbekova
Қазақстанның арнайы жасақтары халықаралық турнирге қатысып жатыр
Сурет: Gov.kz

Қазақстанның күштік құрылымдарының арнайы бөліністері Дубайда өтіп жатқан "Тhe UAE SWAT Challenge 2025" VI халықаралық жарыстарына қатысуда.

Турнир 1-5 ақпан аралығында өтеді. Жарыста әлемнің түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам команда бақ сынауда, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қатысушылар тактикалық жаттығуларды орындап, кедергілерді жеңіп, шабуылдау, жолдастарын құтқару және мұнараларға көтерілу сияқты бірқатар қиын тапсырмаларды еңсеруі тиіс.

Халықаралық аренада еліміздің намысын Ішкі істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Мемлекеттік күзет қызметінің командалары қорғауда.

Полиция ведомствосынан жарысқа "Сұңқар", "Арлан", "Бүркіт" және Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының командалары қатысып жатыр.

Қазақстан үшін ЖҚАЖ-дан "Томирис" әйелдер командасының дебюті ерекше маңызға ие. Бұл қазақстандық тәртіп сақшыларының жоғары дайындығын көрсетеді.

Екі күннің қорытындысы бойынша турнир кестесінде Қытайдан келген жауынгерлер көш бастап тұр. Екінші орында ІІМ-нің "Сұңқар" командасы, ал үшінші орында МКҚ-ның "Сардар" командасы.

- Алда тағы да бірқатар сынақтар бар. Жауынгерлерімізге жеңіс тілейміз! — деп атап өтті ІІМ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #арнайы жасақтар #халықаралық турнир
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);