Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанның алғашқы географиялық диктанты

Қазақстанның алғашқы географиялық диктанты

Білім және ғылым 24.04.2024, 15:27 1,186
Қазақстанның алғашқы географиялық диктанты
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Республикалық іс-шараға бір уақытта ел бойынша он ұйым қатысты.


Бүгін «QazaqGeography» бастамасымен елімізде алғаш рет Қазақстанның алғашқы географиялық диктанты өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz


Аталмыш шараның мақсаты – географиялық білімді насихаттау және еліміздің тұрғындары мен қонақтары арасында Қазақстан географиясын зерттеуге қызығушылықты арттыру. Географиялық диктант қатысушылардың ойлау қабілетін дамытып, географиялық білім беруді жүйелейді. Сонымен қатар, бұл шараға қатысу - білім беру мекемелері мен қоғамдық ұйымдардың еліміздегі білімі мен мәдениетін дамытудағы белсенді рөлін көрсетеді.


Диктант оффлайн форматында өтіп, мұнда әрбір қатысушы қазақ және орыс тілдерінде еліміздің географиясы бойынша білімін тексеруге мүмкіндік алды.


Диктант анонимді өтіп, тіркелу кезінде әрбір қатысушыға оның нәтижесін білуге болатын бірегей код берілді. 2024 жылдың 26 сәуірінде нәтижелер «QazaqGeography» Instagram аккаунтында сәйкестендіру нөмірлері бойынша жарияланады. Шара соңында барлық қатысушыларға «QazaqGeography» сертификаттары мен журналдары табыс етілді.


Шараға келесі жоғары оқу орындары мен географиялық ұйымдары қатысып,  геодиктантты өткізуге мүмкіндік беретін аймақтық алаңға айналды: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Әлихан Бөкейхан атындағы университет, Шәкәрім атындағы Семей университеті, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Павлодар География Үйі мен «QazaqGeography» кеңсесі. Осы университеттер мен ұйымдардың аудиторияларында Қазақстан географиясы бойынша білім жарыстыру үшін барлық жастағы 100-ден астам қатысушылары жиналды.



«Біз Қазақстанның Географиялық диктанты идеясының осындай қызығушылыққа ие болғанына және еліміздің географиясына құмар түрлі жастағы адамдарды біріктіргеніне қуаныштымыз. Біздің мақсатымыз – географияға деген қызығушылықты арттырып, одан да көп азаматтардың бірегей мұрамызды танып, сүюіне мүмкіндік беру», – деді «QazaqGeography» РҚБ Басқарма Төрайымы Әйгерім Мұсағажинова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#диктант #білім #оқушы #география
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика