AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстанның әлемдік нарықта ірі астық экспорттауш...

Қазақстанның әлемдік нарықта ірі астық экспорттаушы ел ретінде позициясы нығайып келеді

Экономика 16.05.2025, 11:43 667
Қазақстанның әлемдік нарықта ірі астық экспорттаушы ел ретінде позициясы нығайып келеді
Сурет: Gov.kz

2024–2025 жылдардың қыркүйек–сәуір айлары аралығында астық пен ұнның астық баламасындағы экспорты шамамен 10 млн тоннаға жетіп, өткен маусыммен салыстырғанда 37,4%-ға өсті.

Жыл сайынғы жөнелтілім көлемі орта есеппен 7–8 млн тоннаны құрайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Өткен жылы диқандар рекордтық өнім жинап, бұл экспорт мүмкіндіктерін айтарлықтай арттырды: Қазақстан жыл соңына дейін шетелге 12 млн тоннаға дейін астық жөнелте алады.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, осы маусымдағы басты жетістік – дәстүрлі емес нарықтарға шығу арқылы экспорт географиясының кеңеюі.

«Астықтың мол өнімділігі, АӨК саласына мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралары мен ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің белсенділігі жаңа экспорттық бағыттардың ашылуына серпін берді. Бес жылдық үзілістен кейін Қазақстан Әзербайжан, Грузия және Түркияға астық жөнелтуді қайта бастады. Қатты бидайды Италияға жөнелту көлемі артып келеді. Бүгінде Қазақстан Бельгия, Польша, Португалия, Норвегия, Ұлыбритания сияқты біз үшін бұрын-соңды болмаған еуропалық нарықтарға экспортты жолға қойып жатыр. Марокко мен БАӘ елдері де біздің астығымызға қызығушылық танытуда», – деді Азат Сұлтанов.

Мамыр айының соңына дейін Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Мароккоға алғашқы 60 мың тонна бидай жөнелтуді аяқтайды. Сонымен қатар, Вьетнамға 15 мың тонна көлемінде сынамалық партия жеткізуге келісімшарт жасалды.

Ал дәстүрлі нарықтарға келер болсақ, бұл бағытта да экспорт айтарлықтай жанданды. 2024–2025 жылдың қыркүйек–сәуір айларында Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Түркия және Қытай астық пен ұнды (астық баламасында) импорттауды өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда едәуір арттырды: Өзбекстан – 2,6 млн тоннадан 3,3 млн тоннаға дейін (+28%), Тәжікстан – 807,4 мың тоннадан 1,2 млн тоннаға дейін (+44%), Қырғызстан – 116,6 мың тоннадан 278,1 мың тоннаға дейін (2,4 есе өскен), Иран – 54 мың тоннадан 889 мың тоннаға дейін (16 есе өскен), Әзербайжан – 5 мың тоннадан 569 мың тоннаға дейін (113 есе өскен), Ауғанстан – 202 мың тоннадан 270 мың тоннаға дейін (+34%).

Соңғы бес жылда алғаш рет Қазақстан Иран мен Әзербайжанға астық жөнелтуді қайта жандандырып, жеткізу көлемін бірнеше есеге арттырды.

Қытай тарапынан өсімдік шаруашылығы өнімдеріне ерекше қызығушылық байқалуда. Өз өндірісінің өсуіне қарамастан, көршілес елде қазақстандық жемдік ұнға деген тұрақты сұраныс сақталып отыр. Бұл астық өндірушілер үшін қосымша мүмкіндік береді.
2024–2025 жылдың қыркүйек–сәуір айларында Қытайға 1,8 млн тонна астық пен ұн (астық баламасында) экспортталды, бұл өткен маусымның осы кезеңімен салыстырғанда 27%-ға артық.

Астық экспортының артуы мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін ғана емес, сонымен қатар халықаралық серіктестердің қазақстандық өнім сапасына деген сенімін де көрсетеді.

Қазіргі жағдайларда жаңа нарықтарға шығу икемділікті, балама логистика құруды және отандық АӨК-тің бәсекеге қабілеттілігін тұрақты арттыруды талап етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #әлемдік нарық #астық экспорттаушы ел #позиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент үндеу жасады

Бүгін 12:42

«Жұлдызды Алматы»: Астана алаңында Наурызға арналған мерекелік концерт өтті

Бүгін 12:36

Алматы көшелерінде этноансамбль өнер көрсеткен музыкалық автобус жүріп өтті

Бүгін 11:28

Елена Рыбакина Майами турнирінің төртінші айналымына өтті

Бүгін 10:56

«Жыраулар жолымен» жыр жобасы әлемдік рекордтар тізіміне енді

Бүгін 10:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика