AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстанға ресми сапармен Қытайдың қорғаныс минис...

Қазақстанға ресми сапармен Қытайдың қорғаныс министрі келді

Саясат 25.04.2024, 12:13 1,144
Қазақстанға ресми сапармен Қытайдың қорғаныс министрі келді
Сурет: Gov.kz

Астанаға Қытай Халық Республикасының қорғаныс министрі адмирал Дун Цзюннің басшылығымен келген әскери делегация Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде болды.


Генерал-полковник Руслан Жақсылықов әріптесін ҚХР Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтме жасап



«Сіздің бұл лауазымдағы алғашқы сапарыңыз Қазақстаннан басталуының өзіндік мәні бар. Бұл екі ел арасындағы үлкен сенім мен достық қарым-қатынастың белгісі. Осы оқиға қорғаныс ведомстволары арасындағы ғана емес, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтатынына сенімдімін», – деп атап өтті ол. 



Қазақстанның Қорғаныс министрі ведомстволардың бірлескен оқу-жаттығулар өткізуге мүмкіндіктері, сол сияқты кадрларды оқыту, мәдениет және спорт саласындағы байланыстарды кеңейту тұрғысынан әлеуеті бар екенін атап өтті.


Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай қорғаныс ведомстволарының басшылары генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен адмирал Дун Цзюнь екіжақты қатынастардың қазіргі жай-күйін және оларды дамыту көкжиегін талқылады. 


Адмирал Дун Цзюнь сұхбаттасушыға ризашылығын білдіріп, қорғаныс ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты тереңдету және дамыту ниетін қолдады.  



«Қорғаныс министрлері ретінде екіжақты қарым-қатынасты нығайтуда бізге жүктелген үлкен миссия бар. Менің сапарым ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесі аясында өтеді. ШЫҰ аясындағы өзара қарым-қатынасты нығайту – басым міндеттердің бірі», – деді адмирал Дун Цзюнь. 



Ол Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық ету аясындағы Қазақстанның елеулі жұмысын атап өтті. 


Кездесу соңында қорғаныс ведомстволары Қазақстан мен Қытай арасындағы 2024 жылға арналған екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды. 


Қытай қорғаныс ведомствосының басшысы адмирал Дун Цзюнь ҚР Қорғаныс министрлігінің Құрметті қонақтары кітабына қолтаңба қалдырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #ресми сапар #Қытай #Қорғаныс министрі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);