AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанға бидай әкелуге болмайды

Қазақстанға бидай әкелуге болмайды

Әлеумет 21.08.2024, 12:23 2,161
Қазақстанға  бидай әкелуге болмайды
Сурет: Gov.kz

Статистикалық деректер бойынша ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша бидай импорты 1,3 млн. тоннаны құрады.

Бұл іс жүзінде 2023 жылғы импорттың жылдық көлеміне тең, ал Қазақстанның ішкі нарығында өткен жылғы егіннің бидай қоры жеткілікті, деп хабарлайды aqshamnews.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап. 

Мәселен, статистика деректері бойынша ағымдағы жылдың 1 шілдесіне республика бойынша шамамен 6,1 млн тонна астық қоры, оның ішінде бидай – 5,1 млн.тонна, оның ішінде азық – түлік мақсатындағы бидай – 4 млн. тонна болды.      

Сонымен қатар, қабылданған шаралар мен қолайлы ауа-райының арқасында вегетациялық кезеңде астықтың жақсы өнімділігі болжанады, бұл ауыспалы қорларды ескере отырып, астық нарығында артық ұсыныс жасайды.

Осыған байланысты, ішкі нарықты қорғау және кері экспорттау  фактілерін болдырмау мақсатында 2024 жылғы 26 шілдеде Сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстан Республикасының аумағы арқылы бидайдың транзитін, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына орын ауыстыруын қоспағанда, 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін бидайды (СЭҚ ТН коды: 1001) Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрлерімен әкелуге тыйым салу туралы шешім қабылданды.

ВАК шешіміне сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағына бидай әкелудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 19 тамыздағы № 278 тиісті бұйрығы бекітілді.

Бұйрық 21 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #бидай #тыйым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Заманауи әскер — мемлекет сенімділігі

Бүгін 20:48

Президент Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

Бүгін 18:00

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

Бүгін 17:45

«Оқитын ұлт»: Алматыда Қала күніне орай сауда орталығындағы екінші кітап беру пункті ашылды

Бүгін 17:24

Алматыда жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Бүгін 17:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);