AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Қазақстандықтарға 500 мың теңгеден жоғары ақша ауд...

Қазақстандықтарға 500 мың теңгеден жоғары ақша аударымын жасау кезінде талап қатаңдатылады

Қаржы 07.10.2025, 17:51 986
Қазақстандықтарға 500 мың теңгеден жоғары ақша аударымын жасау кезінде талап қатаңдатылады
Сурет: ЖИ

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов банк картасын 500 мың теңгеден асатын сомаға толтырғанда жіберушінің ЖСН-ін енгізу талабы қосылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Бұл шара банкоматтар арқылы қолма-қол ақша шығару схемаларын тежеуге бағытталған.

Бижановтың айтуынша, банкоматтарды заңсыз ақша шешуге пайдалану әлі де өзекті. Жіберуші мен алушыны толық сәйкестендірудің болмауы аноним операцияларға жол беріп отыр.

Агенттік ұсынған негізгі шаралар:

  • 500 мың теңгеден көп ақша толтыруда жіберушінің ЖСН-ін енгізу (бұған дейін тек алушының ЖСН-і талап етілетін);

  • Операцияларды мобильді қосымша немесе SMS арқылы қосымша растау;

  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап банкоматтардың бейнежазбаларын кемінде 180 күн сақтау (күдікті операция қатысушыларын анықтау үшін);

  • Мұндай операцияларда биометрия (бет-әлпетті/саусақ ізін тану) қолдану мүмкіндігі.

Оның сөзінше, бұл шешімдер 2025 жылғы 18 шілдеде комплаенс-қызметтер кеңесінде реттеушімен келісілген. Премьер-министр Олжас Бектенов барлық ұсынысты қолдайтынын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда банк картасын басқа біреуге беру үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны хабарланған.

 
 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#банк #ақша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев «KUSTO GROUP», «CP GROUP», «CP CHINA» компанияларының басшыларымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кеше 22:45

Қасым-Жомарт Тоқаев Комиссияға Қорғаныс министрлігінің жаңа басшылығымен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

Кеше 18:36

Алматыда Мұғалімдер күніне орай қаланың үздік педагогтері марапатталды

Кеше 17:47

Балалар алаңынан үлкен қоғамдық кеңістікке дейін: Алматыда Бұрындай көшесіндегі аумақ жаңарды

Кеше 17:44

Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді

Кеше 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);