AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтардың 81,2%-ы мемлекеттік қызмет көрс...

Қазақстандықтардың 81,2%-ы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанады

Әлеумет 15.03.2023, 19:00 890
Қазақстандықтардың 81,2%-ы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанады
Сурет: Ашық дереккөз

БҰҰ-ның «Электронды үкімет» порталының даму деңгейі рейтингісінде Қазақстан 28-орында


Отандастарымыздың 81,2 пайызы өткен жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанарлық баға берген. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Өткен жылғы қоғамдық мониторинг нәтижесі азаматтардың 81,2%-ы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанғанын көрсетті. БҰҰ-ның «Электронды үкімет» порталының даму деңгейі рейтингісінде Қазақстан 28-орында. Ал, ТМД кеңістігінде еліміз көш бастап тұр. Бұл жетістіктер мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ілгерілетіп, заңнаманы жетілдірудің арқасында мүмкін болып отыр», - деді Салауат Мүксімов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.



Оның айтуынша, агенттік Мемлекет басшысы тапсырмасын орындау мақсатында әкімшілік рәсімдерді бюрократиядан арылту, тұтынушыға бағдарланған және сервистік модельге көшу жөнінде шаралар қабылдап жатыр.


Бұған дейін Салауат Мүксімов мемлекеттік қызмет алуда айыппұлдың кедергі болмауы керектігін айтқан еді. Мәлімдеуінше, бүгінде мемлекеттік қызметтерді қиындық, кедергісіз рәсімдеу, яғни қызмет көрсетуден формалды түрде бас тартпау жағы қарастырылып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекеттік қызмет #халық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Бүгін 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Бүгін 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Бүгін 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Алматы тұрғындарына бауырсақ таратты

Бүгін 16:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика