Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтардың 40 пайызға жуығы халық санағына...

Қазақстандықтардың 40 пайызға жуығы халық санағына онлайн қатысты

Әлеумет 18.10.2021, 09:26 1,033
Қазақстандықтардың 40 пайызға жуығы халық санағына онлайн қатысты
bilim-all.kz

Халық санағының сауалдарына қазақстандықтардың 39,6 проценті онлайн режимде жауап берді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«16 қазаннан бастап санақ сауалдарына онлайн режимде жауап беру функциясы тоқтатылды. 45 күн ішінде халқымыздың 40 процентке (39,6% немесе 7527458 адам) жуығы санақтан өтудің осы жолын таңдады. Ал біздің интервьюерлер 3 миллион 792 мыңнан аса адаммен сауалнама жүргізген. Осылайша, санақтан өткендер үлесі 60 процентке жетті», - деді бюро басшысы.



Онлайн санақтан өтпегендер қазанның 30-ына дейін үйлерді аралайтын интервьюерлердің көмегімен шараға қатыса алады. Онлайн өткендер тиісті хабарламаны интервьюерлерге көрсетуі тиіс. Оларға сауалнама қайта жүргізілмейді.



Санақшыларда Халық санағының логотипі бедерленген көк түсті шарф пен сөмке, планшеті және санақ қызметкері екенін растайтын куәлігі болады. Ол куәліктегі тіркеу нөмірі арқылы интервьюер туралы мәліметтерді sanaq.gov.kz сайтында тексеру мүмкіндігі бар. Одан бөлек, 1446 нөміріне хабарласуға болады. Байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.


«Халық санағы еліміз үшін аса маңызды шара. Сондықтан оған бір кісідей баршамыз жұмылып ат салысуымыз қажет. Интервьюерлер де ел азаматтары екенін ұмытпайық. Еңбегін бағалап, құрмет көрсетіп, түсіністік танытуларыңызды сұраймыз»,- деп атап өтті Нұрболат Айдапкелов.



Айта кетейік, санақтың негізгі кезеңі аяқталған соң, қарашаның 1-7 аралығында санақ өткізу әдістемесіне сәйкес, бақылау аралау қарастырылған. Бұл кезеңде шамамен 10 процент респондент қамтылады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #халық #санақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қар барысы көбейіп келе жатыр

Бүгін 10:42

Тянь-Шаньның ЮНЕСКО-ның тізіміне кіргізген Қазақстанға қарасты бөлігінен жан-жануардың 3 мыңнан аса түрі табылды

Бүгін 10:38

Батыс Тянь-Шань ЮНЕСКО қорғауында: Қазақстанда сирек түрлер сақталған

Бүгін 10:34

Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға ҚР Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды

Бүгін 10:29

3 айда 820 мыңнан астам адам музейге барған

Бүгін 10:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика