ffin.kz

Қазақстандықтар қай мемлекетке жиі саяхаттайды?

Қазақстандықтар қай мемлекетке жиі саяхаттайды? Сурет: ашық дереккөз




Барлығымыз саяхатқа шыққанды ұнатамыз. Жаз мезгілі келе сала адамдар жазғы демалысын жоспарлай бастайды. Бұл орайда көпшілігі қай мезгілде қай мемлекетке барып демалған дұрыс әрі тиімді екенін біле бермейді. Себебі әр мезгілдің өз ерекшелігі болады. Осыған орай Egemen.kz тілшісі төрт түрлі мезгілде қай елге барып демалған дұрыс екендігін анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 










Саяхаттауды ұнатпайтын адам кемде-кем. Жылдың қай мезгілі болсын көптеген азаматтар шетелге шығып демалғанды жөн көреді. Осыған орай ең алдымен сұранысқа ие мемлекеттер қатарын анықтап алу қажет.


Бұл жайында «Gotour» туристік агенттігінің офис басшысы Айсұлу Магзимбаева айтып берді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Түркия, Египет, БАӘ елдеріне сұраныс көп.



«Сұранысқа ие мемлекеттер қатарында  Түркия, Египет, Біріккен араб әмірлігі бар. Сондай-ақ биыл жазда қазақстандықтар үшін Мальдив аралдарына ұшу тиімді болады. Себебі Мальдив аралдарына арналған тікелей чартерлік рейстер (All inclusive) ашылды. Бұл баға жағынан Түркия елімен салыстырғанда шамалы айырмашылықты ғана құрайды. Сондай-ақ жаңадан ашылған әуе бағыты – Қатар мемлекеті. Бұл елдің Доха қаласына ұшу отандастырымыз үшін тиімді болады», -дейді офис басшысы.



Маманның айтуынша, әр елге ұшу сол елдің өзінің бағасына және ұшу ұзақтығына байланысты болады. Сонымен қатар жанармайдың қымбаттауына байланысты билет құны өзгереді.



«Қазіргі таңда ең арзан мемлекет – Біріккен араб әмірлігі. Бұл мемлекетке 1 аптаға саяхатқа шығу бір адамға шамамен 180-200 мың теңгені құрайды», -дейді А.Магзимбаева.



Сонымен қатар әр жыл мезгілінде ауа райына байланысты әртүрлі мемлекеттерге саяхатқа шыққан абзал. Мысалы маманның айтуы бойынша, көктем және күз мезгілдерінде көбіне БАӘ, Мысыр, Қатар, Таиланд елдеріне  ұшқан дұрыс.



«Таиланд, Гоа, Мальдив аралдарына қыс айларында ұшқан өте жақсы. Көктем айында Вьетнам мемлекетіне нағыз саяхат маусымы басталады. Жаз айларында әрине Түркия мемлекеті сұраныста болады. Мысырды да қарастыруға болады, себебі ол жақтың климаты құрғақ болғандықтан ыстығы жеңіл сезіледі. Сондай-ақ Вьетнам және Европа елдеріне ұшу жаз айында өте тиімді болады. Биылғы күз мезгілінде Хайнань аралдарына бағытталған жаңа әуе рейсінің ашылуы күтіледі», -дейді маман.



Әр мемлекеттің өзінің салты болғандықтан, сол мемлекетке барар алдында алдымен турагенттіктен алдын-ала сапарға шығатын мемлекет жайлы біліп алған жөн. Мысалы, Мысырда теңізден Қызыл кітапқа енгізілген тас, ракушка, карал алуға қатаң тыйым салынған. Алған жайғдайда үлкен мөлшерде айыппұл салынады. Сонымен қатар мұсылман елдерінде қатты ашық киініп, жақындасуға болмайды.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32