AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Алматыда британдық бизнеспен және жоғары оқу орынд...

Алматыда британдық бизнеспен және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейту жайы талқыланды

Ресми бөлім Бүгін 14:38 37
Алматыда британдық бизнеспен және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейту жайы талқыланды
Алматы әкімдігі

Бірлескен академиялық жобалар жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов Ұлыбритания Қауымдар палатасы Қорғаныс комитетінің төрағасы Тан Дэси бастаған Ұлыбритания Парламенті делегациясымен кездесті. Кездесуге Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Салли Аксуорси де қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі британдық бизнесті қалалық жобаларға тарту болды. Бүгінде Алматыда британдық капиталы бар 256 кәсіпорын тіркелген. Олар кәсіби және ғылыми-техникалық қызмет, сауда, қаржы және басқа да салаларда жұмыс істейді.

«Алматы полиорталықтық даму моделі аясында жаңа өсу нүктелерін қалыптастырып келеді. Біз британдық бизнеспен қалалық инфрақұрылым, көлік, девелопмент, қонақ үй бизнесі, жасыл экономика және заманауи технология салаларында ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік бар деп санаймыз», – деді Абзал Нүкенов.

Тараптар туристік байланысты дамыту мәселесін де талқылады. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыға Ұлыбританиядан 7 мыңнан астам турист келді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,5%-ға көп. Мүмкіндігі жоғары бағыттардың қатарында тау туризмі, тиісті инфрақұрылымды дамыту және тәжірибе алмасу бар.

Келіссөздердің жеке бөлігі білім беру және инновация саласына арналды. Алматыда бүгінде Coventry University кампусы жұмыс істейді. Онда инженерлік және компьютерлік ғылымдар, жасанды интеллект және сәулет бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары ұсынылған.

Queen’s University Belfast, SOAS University of London, University of London, De Montfort University және басқа да британдық жоғары оқу орындарымен бірлескен академиялық жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Кездесу соңында тараптар Алматы мен Ұлыбританияның іскерлік және академиялық ортасы арасындағы тікелей байланысты жалғастыруға уағдаласты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әділет» партиясының фракциясы Мәдениет және ақпарат, Оқу-ағарту министрлеріне депутаттық сауал жолдады

Бүгін 15:31

«Әділет» партиясының фракциясы Мәдениет және ақпарат министріне депутаттық сауалы жолдады

Бүгін 15:04

Кино тарихы тоғысқан жаңа мәдени кеңістік

Бүгін 14:10

Алматыда Жастар кеңесінің жаңа құрамына өтінім қабылдау басталды: өтінімді қалай беруге болады?

Бүгін 14:07

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының кеңесін өткізді

Бүгін 14:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);