AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтар Конституциялық сотқа 500-ден аста...

Қазақстандықтар Конституциялық сотқа 500-ден астам өтініш жазыпты

Әлеумет 23.01.2023, 10:44 1,183
Қазақстандықтар Конституциялық сотқа  500-ден астам өтініш жазыпты
Сурет: El.kz

Конституциялық сотқа өтінішпен жүгіну құқығы Ата заңның 72-бабында бекітілген.


Өтініштің  90 пайызы заңнама талаптарына сай жазылмағандықтан, кері қайтарылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованың төрағалығымен азаматтардың Конституциялық сотқа жолдаған өтініштерін қарауға қатысты мәселелер талқыланды.



«Бүгінгі таңда Конституциялық сотқа азаматтардан 500-ден аса өтініш келіп түсті. Олардың басым бөлігі екі жылдан астам уақыт бұрын күшіне енген қылмыстық сот үкімдерінің күшін жоюға, тексеруге және қайта қарауға қатысты. Ал заңға сәйкес, азаматтың өтініші, егер ол сот актісі қабылданғаннан кейін бір жылдан кешіктірілмейтін мерзімде берілсе ғана қарауға жатады», - деп хабарлады Конституциялық соттың баспасөз қызметі.



Өтініштердің 60%-тен астамында соттар конституциялық нормаларға қайшы келетін даулы актілерді қолданғаны не азаматтың қатысуымен азаматтық немесе әкімшілік істердегі құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты болған нақты жағдайлар көрсетілмеген.


Сондай-ақ, бірқатар өтініш заңды тұлғалардың атынан келіп түскен. Ал азаматтардың заңды өкілдері ретінде заң консультанттары палатасының мүшелері, адвокаттар, сондай-ақ заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйым мүшелерінің немесе басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті тұлғалары ғана өтініш бере алады.


Конституциялық сот аппаратының мәліметінше, өтініштердің 90%-тен астамы Конституциялық заңның 41, 44, 45-баптарының талаптарын сақталмай жолданған.



«Осыған байланысты алғашқы қарау нәтижелері бойынша азаматтар мен ұйымдар атынан өтініш берушілердің атына заңнамалық талаптарды түсіндіре отырып және анықталған заңбұзушылықтар жойылған жағдайда қайта жүгіну мүмкіндігі сақталатынын көрсетіп, егжей-тегжейлі жауаптар жолданып жатыр», - деп атап өтті Конституциялық сот.



Эльвира Әзімова кері қайтарылған өтініштерде көтерілген проблемаларға талдау жасалатынын айтты.


Конституциялық сотқа өтініш Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі, eGov және e-Otinish арқылы, сонымен қатар қағаз түрінде қабылданады: Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 13 мекенжайы, хат-хабарларды қабылдау пункті. Тел: 8(7172) 576398, 576340.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция #сот #өтініш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды

Бүгін 21:53

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Бүгін 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Бүгін 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Бүгін 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);