конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтар кітап оқи ма?

Қазақстандықтар кітап оқи ма?

Әлеумет 20.02.2024, 03:16 999
Қазақстандықтар кітап оқи ма?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Тек әрбір 4-ші қазақстандық (26,5%) соңғы бір жылда кемінде 1 кітап оқығанын айтты. Қалғандары оқымайды, өйткені оқуға уақыттары жоқ (52%) немесе мүлде оқуды ұнатпайды (21,4%).


Бұл статистикамен кеше Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің тelegram әлеуметтік желісінде бөлісті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. Деректерді Қоғамдық саясат институты ұсынған. Зерттеу 2023 жылдың қараша айының соңы – желтоқсан айының ортасында жүргізіліпті. Сауалнамаға 18 жастан асқан 8 000 қазақстандық қатысқан. Сауалнама ұлттық репрезентативті іріктеу арқылы жүргізіліпті.


Орташа алғанда, респонденттердің кітап оқуы соңғы бір жылда 5 кітап (26,5%) оқиды. Ең көп кітап оқитын өңірлер қатарына Шығыс Қазақстан (орта есеппен 10,6 кітап), Солтүстік Қазақстан (6,95) және Ақмола (6,34) облыстары кірген. Ал ең аз кітап оқитын жұртшылық Шымкент қаласында (3,8 кітап), Ұлытау (3,7 кітап) және Жетісу (3,59) облыстарында тұрады екен.  


Бір қызығы ерлерге қарағанда әйелдер көбірек кітап оқиды екен. Ауыл тұрғындарынпан гөрі қала тұрғындары кітапқа жақын екендігі дәлелденген. Аға буын өкілдері (61 жас және одан жоғары) жылына орта есеппен 6,2 кітап оқиды.


Бізге қарағанда шетелдіктер кітап беттерін көбірек парақтайтыны байқалған. Мәселен, Франция мен Канада тұрғындары жылына 17 кітап (бұл Қазақстаннан орта есеппен 3,4 есе көп), АҚШ азаматтары - 12 кітап (2,4 есе көп), Оңтүстік Корея елінің адамдары - 11 кітап (2,2 есе көп) оқиды.


Ескерерлік бір жайт, орталықтың мәліметінше, кітап өндірісінің 90 пайызы басқа елдерде басылған. 2021 жылдың деректері бойынша Ресейден кітап импортының көлемі 14,7 миллион долларды құраған.


Зерттеушілердің пікірінше, оқу белсенділігінің төмен болуының тағы бір себебі – кітаптар мен кітапшалардың жалпы және орташа таралымының төмендеуі. Шыққан кітаптардың 80 пайыздан астамы оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар. Сонымен қатар, сауда нүктелеріндегі кітап өнімдері құнының қымбаттығы әсер етеді. Қазіргі кезде үстеме баға әртүрлі бағалаулар бойынша 60%-дан 100%-ға дейін жетеді.


Соңғы бір жылда қанша кітап оқыдыңыз?

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап #білім #өндіріс #мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Құрылтай-2026: Бас Прокуратурасы үндеу жасады

Бүгін 12:51

Бензин мен дизель экспорттауға тыйым мерзімі 6 айға ұзартылды

Бүгін 11:08

Қазақстандық жүргізуші куәлігі 25 шілдеден бастап БАӘ-де жарамды болады

Бүгін 10:09

«Әділет» партиясында қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайту жолдары талқыланды

Бүгін 09:24

8 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Бүгін 09:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);