AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рө...

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Алматы құшағында Бүгін 17:37 41 yakiya
Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті
Ұлттық ғылым академиясы

15 мамыр күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Халықаралық қатынастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Орталық Азия геосаясат нысанынан белсенді аймақтық акторға айнала ала ма?» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара барысында қатысушылар Орталық Азиядағы заманауи геосаяси үдерістерді, аймақтық ынтымақтастықтың келешегін, стратегиялық автономия, қауіпсіздік және жаһандық өзгерістер жағдайындағы халықаралық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Халықаралық дөңгелек үстелге АҚШ, Үндістан, Словения, Қытай және басқа елдерден келген шетелдік сарапшылар мен ғалымдар қатысты. Спикерлер қатарында:

– Судханшу С. Наяк, Podar халықаралық мектебінің директоры (Пуна, Үндістан);

– Хемсагар Барик, Джавахарлал Неру университеті (Нью-Дели, Үндістан);

– Клаус Ларрес, Солтүстік Каролина университетінің құрметті профессоры (АҚШ);

– Аленка Антлога, Словения Республикасының ақпарат жөніндегі комиссары;

– Радж Кумар Шарма, SHT университетінің Гуманитарлық, әлеуметтік және либералдық ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры (Гуруграм, Үндістан).

Сарапшылар Орталық Азияның халықаралық қатынастардағы рөлінің артып келе жатқанын атап өтіп, өңірдің әлемдік аренадағы тұрақты әрі дербес ұстанымын қалыптастыру үшін өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын айтты.

Дөңгелек үстел халықаралық сарапшылар, зерттеушілер мен академиялық қауымдастық өкілдері арасында пікір алмасуға арналған маңызды алаңға айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Орталық Азия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44

Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовті құттықтады

Бүгін 14:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);