AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтар жылына 532 мың тонна қант тұтынады...

Қазақстандықтар жылына 532 мың тонна қант тұтынады екен

Әлеумет 27.08.2022, 05:03 1,170
Қазақстандықтар жылына 532 мың тонна қант тұтынады екен
Сурет: world-nan.kz

Тоқсаныншы жылдардан бастап елдегі қант қызылшасы алқабы 85 мың гектардан 11,6 мың гектарға дейін төмендеген. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Импортқа тәуелділіктің жоғары болуына байланысты қант саласын дамыту мәселесі өзекті болып отыр. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шағын болуы, импорттық тұқым құнының қымбаттығы, фермерлердің жеткілікті техникалық жарақтанбауы және сумен қамтамасыз ету проблемаларына байланысты 90-жылдардан бастап қант қызылшасының егіс алқабы 85 мың гектардан 11,6 мың гектарға дейін төмендеген. Талдау көрсеткендей, басқа дақылдарды (мысалы картоп, жүгері) өсірудің тиімділігі қант қызылшасына қарағанда бірнеше есе жоғары», - дейді Ә. Тамабек Үкіметтің бүгінгі отырысында.



Вице-министрдің айтуынша, республика бойынша жылына 532 мың тонна қант тұтынылады, оның ішінде отандық шикізат, яғни қант қызылшасы есебінен қамтамасыз ету деңгейі 7%-ды, отандық зауыттардың құрақ қантын өңдеу есебінен – 35%-ды құрайды, 58% қант импортқа тиесілі.



«Дегенмен, елімізде қант саласының табысты дамуы үшін негізгі алғышарттар бар, олар – суармалы жерлердің болуы, ішкі нарықтың үлкен сыйымдылығы, қажеттілікті қамтамасыз етуге қабілетті жұмыс істеп тұрған 4 зауыттың жүктеу қуатының толық пайдаланылмауы және жұмыс күшінің болуы. Алайда, технологиялық жабдықтардың тозуына, зауыттардың несиелерінің көптігіне және айналым қаражатының тапшылығына, көрші елдер қолданатын баға демпингіне байланысты отандық зауыттардың жүктеме қуаты төмен болып отыр», - дейді ҚР АШМ өкілі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #қызылша #Тамабек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Бүгін 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Бүгін 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Бүгін 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Бүгін 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);