AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтар елдің даму бағытына оң көзқараста

Қазақстандықтар елдің даму бағытына оң көзқараста

Әлеумет Бүгін 11:33 57 yakiya
Қазақстандықтар елдің даму бағытына оң көзқараста
syl.ru

2026 жылғы сәуір айында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері қазақстандықтардың басым бөлігі елдің қазіргі даму бағытын оң бағалайтынын көрсетті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, сауалнамаға қатысқандардың 84,4%-ы еліміз дұрыс бағытта дамып келеді деп есептейді.

Аумақтық бөлініс әртүрлі елді мекен тұрғындарының бағалауларында жоғары деңгейдегі үйлесімділікті көрсетеді. Қала тұрғындарының арасында респонденттердің 84%-ы елдің даму бағытын оң бағаласа, ауыл тұрғындары арасында бұл көрсеткіш сәл жоғары – 85,2%-ды құрайды. Бұл тұрғылықты жеріне қарамастан, азаматтардың қазіргі бағытты қабылдауы ұқсас екенін көрсетеді.

Гендер тұрғысынан талдау ерлер мен әйелдердің де жоғары деңгейде оң баға беретінін көрсетеді. Сонымен қатар, әйелдер арасында бұл көрсеткіш біршама жоғары – 86,2%-ды құрады, бұл ерлер арасындағы көрсеткіштен 4,3%-ға артық.

Жас ерекшелігі тұрғысынан ең жоғары қолдау деңгейі жастар арасында тіркелді – 89,3%. Бұл жастардың қазіргі саяси бағытты анағұрлым оң қабылдайтынын көрсетеді.

Сатып алу қабілеті артқан сайын оң бағалар да айтарлықтай өсетіні байқалады. Өздерінің экономикалық жағдайының жақсарғанын сезінетін респонденттер бұл ілгерілеуді қазіргі саяси бағытпен байланыстыруға бейім.

Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері қазақстандықтардың саяси бағытқа берген бағасы негізінен оң сипатқа ие екенін және халықтың негізгі әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктеріне қарамастан жоғары деңгейде сақталатынын көрсетеді.

*Әлеуметтік сауалнама ҚСЗИ тапсырысы бойынша 2026 жылғы 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді. Іріктеу жиынтығының көлемі – 8 000 респондент. Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қалалар – Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан респонденттер қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан даму бағыты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қорғаныс министрлігінің алқа отырысында әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен технологиялық жарақтандырылуы талқыланды

Бүгін 12:16

Алматы құрамасы күрес түрлерінен Қазақстан Кубогында топ жарды

Бүгін 11:35

Қазақстанда заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі салық міндеттемесін орындаудың жаңа тәртібі қолданысқа енді

Бүгін 11:25

Алматыда 274 мыңнан астам оқушы психодиагностикадан өтті

Бүгін 10:45

Олжас Сүлейменов 90 жасқа толды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);