AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Қазақстандықтар БЖЗҚ-ға қаржы қайтарды

Қазақстандықтар БЖЗҚ-ға қаржы қайтарды

Қаржы 08.08.2021, 14:20 1,838
Қазақстандықтар БЖЗҚ-ға қаржы қайтарды
сурет: Kaz.tengrinews.kz

Біржолғы зейнетақы төлемдері белгіленген мерзімде пайдаланылмаған. 2021 жылдың 5 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 379 423 өтінішін орындады. 


Уәкілетті оператор банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,7 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы шамамен 4,4 млн теңге, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.


Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (16,7%), Маңғыстау облысының (14,9%), Нұр-Сұлтан қаласының (12,9%) тұрғындары тарапынан жолданған.
«Орындалған өтініштердің едәуір бөлігі «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (орындалған өтініштердің жалпы санының 95,3%), одан әрі «Қазақстан Халық банкі» АҚ (3,8%), «Банк ЦентрКредит» АҚ (0,9%), «Altyn Bank» АҚ (0,03%) және «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ (0,01%) арқылы берілді», - делінген БЖЗҚ баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, уәкілетті операторлардан салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 206,4 млрд теңгеден аса сома қайтарылды, себебі қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған.
«Бұған қоса, БЖЗҚ емделуге жалпы сомасы 26,1 млрд теңгеге келіп түскен 27 902 өтінішті орындады. Бұл ретте алуға болатын орташа сома – 0,9 млн теңге. Сонымен қатар, салымшылардың БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на 4.2 млрд теңге қайтарылды», - делінген хабарламада.
Инвестициялық портфельді басқарушыларға шамамен 4,8 млрд теңге аударылды, БЖЗҚ келіп түскен 2 395 өтініш орындалды. Аударымның орташа сомасы шамамен 2,0 млн теңге болды.  
Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы төрт ИПБ-мен шарт жасасты. Айта кетейік, 4,8 млрд теңгенің 43,89% немесе 2,1 млрд теңгесі «Jusan Invest» АҚ, 27,76% немесе 1,3 млрд теңгесі «Halyk Global Markets» АҚ, 18,65% немесе 0,9 млрд теңгесі «BCC Invest» АҚ, 9,70% немесе 0,5 млрд теңгесі «Сентрас Секьюритиз» АҚ аударылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#БЖЗҚ #салымшылар #қаржы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);