AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтар автобус билеттерін мобильді қосымш...

Қазақстандықтар автобус билеттерін мобильді қосымшалар арқылы ала алады

Әлеумет 25.05.2022, 06:26 982
Қазақстандықтар автобус билеттерін мобильді қосымшалар арқылы ала алады
Сурет: Visaconcord.ru

Сервисті іске қосу жөнінде жұмыстар жүргізілді.


Қазақстандықтар енді мобильді қосымшалар арқылы автобус билетін ала беретін болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Нұр-Сұлтан қаласындағы автовокзал және Halyk Bank-пен бірлесіп, жол жүру билеттерін Halyk Homebank мобильді қосымшасы арқылы сатып алу сервисін іске қосу жөнінде жұмыстар жүргізді», - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 



Атап айтқанда, осы бастама арқылы Halyk Travel қосымшасының «Автобустар» электронды сервисі азаматтар үшін қолжетімді болды. Аталған сервис жол жүру билеттерін алдын-ала брондау және сатып алу кезіндегі уақытты айтарлықтай үнемдейді. Сервисті жасаушылар алдағы уақытта жолаушылардың өздері мен жүктерін жағымсыз жайттар мен оқыс оқиғалардан сақтандыруды да енгізуді көздеп отыр.


Қазіргі таңда аталған мобильді қосымша арқылы отандастарымыз Нұр-Сұлтаннан Державинск, Константиновка, Наумовка, Степногорск, Қызылорда, Тараз, Қарағанды, Алматы, Шымкент, Өскемен қалалары мен Монғолия және Өзбекстан сынды көршілес елдерге де жол жүру құжаттарын сатып алуда.


Айта кетерлігі, алдағы уақытта аталған жобаның шеңберін ұлғайтып, барлық қалааралық және халықаралық бағыттардағы маршруттарды ашу жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#автобус #билет #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аясында 40-тан астам мәдени іс-шара өтті

Бүгін 09:42

Алматыда «Бірлік жүгірісі» атты неондық жүгіру өтті

Бүгін 09:23

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Кеше 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Кеше 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Кеше 16:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика