конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстандық жүргізуші куәлігі 25 шілдеден бастап...

Қазақстандық жүргізуші куәлігі 25 шілдеден бастап БАӘ-де жарамды болады

Әлем 08.07.2026, 10:09 187 yakiya
Қазақстандық жүргізуші куәлігі 25 шілдеден бастап БАӘ-де жарамды болады

2026 жылғы 25 шілдеден бастап Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы жүргізуші куәліктерін өзара тану және алмастыру туралы меморандум күшіне енеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аңа инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, меморандумның басты мақсаты – Қазақстан мен БАӘ азаматтарының жүріп-тұруын жеңілдету және көлік басқару мен жүргізуші куәлігін алмастыру кезінде оларды артық әкімшілік рәсімдерден босату.

Енді БАӘ-ге туристік, іскерлік немесе жеке мақсатпен келетін Қазақстан азаматтары қолданыстағы қазақстандық ұлттық жүргізуші куәлігімен көлік басқара алады. Дәл осындай тәртіп БАӘ азаматтары үшін де Қазақстанда қолданылады.

Бұдан бөлек, БАӘ-де тұруға ықтиярхат алған қазақстандықтар жүргізуші куәлігін емтихан тапсырмай-ақ алмастыра алады. Бұл норма тек B және B1 санаттарына (жеңіл автокөліктер) ғана қолданылады.

Куәлікті алмастыру үшін мыналар қажет:

  • тұруға ықтиярхаттың болуы;

  • B немесе B1 санатындағы ұлттық жүргізуші куәлігі;

  • 18 жасқа толуы;

  • жүргізуші куәлігінің баратын елдің мемлекеттік тіліне ресми аудармасы;

  • медициналық тексеруден өту.

Бұл ретте ұлттық жүргізуші куәлігі иесінде қалады. Екі елдің құзыретті органдары жасалған алмасу туралы бір-біріне тек хабарлама жіберіп отырады.

ІІМ, сонымен қатар, шетелге шығатын Қазақстан азаматтарына баратын елдің заңнамасымен және жол жүру ережелерімен алдын ала танысып, оларды қатаң сақтау қажеттігін еске салды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жүргізуші куәлігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қуыршақ театры Қазанда өткен халықаралық фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды

Бүгін 11:15

Испания әлем чемпионы атанды

Бүгін 10:42

Елжас Отыншиев ҚТЖ басшысы болып тағайындалды

Бүгін 10:21

Алматыда 850 шақырымнан астам тау туристік бағыты көркейтілді

Бүгін 09:55

Қазгидромет Алматының тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);