AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық ұстаздарға арналған бағдарламаның үші...

Қазақстандық ұстаздарға арналған бағдарламаның үшінші кезеңі басталады

Әлеумет 16.09.2022, 10:36 1,379
Қазақстандық ұстаздарға арналған бағдарламаның үшінші кезеңі басталады
Сурет: Unian.net

Аталмыш шара 4 қазанға дейін жалғасады.


20 қыркүйекте кадр тапшылығы немесе білім сапасы төмен өңірлерге Үздік мұғалімдерді тартудың арнайы бағдарламасына қатысу үшін құжат қабылдаудың үшінші кезеңі басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алғашқы екі байқаудың қорытындысы бойынша 1,5 мыңнан астам педагогтен өтініш түскен болатын.



«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Оқу-ағарту министрлігі кадр тапшылығы бар немесе білім сапасы салыстырмалы түрде төмен аймақтарға үздік мұғалімдерді тарту үшін арнайы бағдарлама әзірлеген болатын. Мәселе Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстары туралы болып отыр. Бұл аймақтарға математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі мұғалімдері қажет», - делінген Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Арнайы бағдарламада мұғалімдерді қолдау шараларының пакеті бар, атап айтқанда, лауазымдық жалақының 250% мөлшерінде жалақыны қамтамасыз ету, бұл сондай-ақ жалға алған пәтер және коммуналдық қызметтер төлемін өтеуді қамтиды.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың бірінші кезеңі 16 маусымда басталды. Екінші байқау 11-21 шілде аралығында өтті. Ал үшінші кезең 20 қыркүйекте басталып, 2022 жылғы 4 қазанға дейін жалғасады.



«Байқаудың алдыңғы кезеңдеріне Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының, Павлодар, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Түркістан, Алматы, Жамбыл және Ақтөбе облыстарының мұғалімдері қатысты. Бүгінгі күні олардың бір бөлігі кадр тапшылығы бар немесе білім сапасы салыстырмалы түрде төмен аймақтардағы мектептерде жұмыс істейді. Мектептерде білікті мұғалімдердің көбеюі сапаны арттыруға оң әсер етеді. Балаларға өз білімін бөлісу үшін басқа өңірге бірге көшіп жатқан мұғалім ерлі-зайыптылар да бар», – дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.



Конкурстан өткен мұғалімдермен еңбек шарты 5 жылға жасалатынын айта кетейік. Төрт облыстың біріне қоныс аударған мұғалімдердің балалары балабақша мен орта мектептерден орын алады.


Конкурсқа тұрғылықты жеріне қарамастан, тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсіптік және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар еліміздің педагогтері қатыса алады. Яғни жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында педагогикалық қайта даярлаудан өткендер, сондай-ақ «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар мамандар қатыса алады. Конкурсқа сондай-ақ үлгерімнің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес гуманитарлық бағыт бойынша, үлгерімнің орташа балы (GPA) 3,2-ден төмен емес жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектері, сондай-ақ педагогикалық мамандықтар бойынша үлгерімнің орташа балы (GPA) 3,4-тен төмен емес магистратура түлектері қатыса алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Ұстаз #бағдарлама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда британдық туристердің көлігі сорға батып қалды

Бүгін 15:26

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Бүгін 14:01

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);