Қазақстандық төреші үстел теннисінен ATTU техникалық және төрешілер комитетіне қабылданды

Қазақстандық төреші үстел теннисінен  ATTU техникалық және төрешілер комитетіне қабылданды Сурет: Olympic.kz

Азия үстел теннисі одағы (ATTU) Қарағандыдан шыққан Тимур Қожақаевтың ATTU техникалық және төрешілер комитетінің мүшесі болғанын Қазақстан федерациясына хабарлады.

Бұл қазақстандық төрешінің жоғары біліктілігінің айқын дәлелі, деп хабарлайды aqshamnews.kz ҰОК-ке сілтеме жасап. 

Комитеттің негізгі міндеттеріне мыналар кіреді:

- Азия кубогы, Азия чемпионаты, сондай-ақ ATTU ұйымдастыратын турнирлер мен жарыстарға төрешілерді іріктеу;

- Төрешілерді даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

- Азияда төрешілермен жұмыс істеу үшін нұсқаушыларды дайындау;

- Төрешілерге арналған семинарлар өткізу, әдістемелік және оқу-кеңес беру жұмыстарын жүзеге асыру.

Айта кетейік, Тимур Қожақаев – еліміздегі жалғыз Blue Badge санатындағы халықаралық төреші. Бұл санат оған әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарының шешуші кезеңдерінде және Олимпиада ойындарында төрешілік етуге мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21