Спикер қазір әлемде экспорт бойынша болып жатқан ірі үрдістерге тоқталды. Компанияның бас директоры атап өткендей, бұл –ең алдымен, цифрлық платформаларға көшу. 

«Қазақстандық компанияларды халықаралық электрондық платформаларға шығару – компанияның басты бағыты. Бүгінгі таңда біз қазақстандық тауарларды JD.com, Douyin, Europages, Alibaba.com. сынды ірі маркетплейстердің ұлттық павильондарында ұсынамыз. Бұл алаңдар бізге цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, тауарды шекара арқылы өткізбей-ақ экспортты белсенді түрде ілгерілетуге көмек көрсетеді», – деді Айтмұхамед Алдажаров. 

Экспортты белсенді дамытуға мүмкіндік беретін келесі құрал – сауда-экономикалық миссияларды өткізу. Жыл басынан бері төрт сауда-экономикалық миссия өткізілді. 

«Құны 348 млн долларға тең құжаттарға қол қойылды, 350-ден астам компания экспортты дамытуға қатысты. Біз одан әрі мониторинг жүргізіп, компанияларымызға осы уағдаластықтардың сенімді келісімшарттарға айналуына көмектесеміз», – деп атап өтті спикер.

Компания экспорттаушылармен тұрақты кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізеді. 

«Бүгінгі таңда компания біздің экспорттаушылар уақытылы ақпарат алуы үшін сайтты, платформаны жаңарту бойынша жұмыс жүргізді. Сайттан сауда-экономикалық қызмет туралы барлық статистика мен ақпаратты таба аласыз», – деп қосты спикер.