конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық студенттерге жатақхана жетпей жатыр

Қазақстандық студенттерге жатақхана жетпей жатыр

Әлеумет 12.08.2025, 17:42 618 yakiya
Қазақстандық студенттерге жатақхана жетпей жатыр
almaty-akshamy.kz

Еnergyprom.kz мәліметінше, Қазақстанда 300 мыңнан астам студент туған қаласынан жырақта білім алып жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алайда олардың барлығына жатақханадан орын табыла бермейді. Әр үшінші студентке жатақхана қажет, бірақ олардың тек үштен екісі ғана жатақхана алады.

Сұраныс пен ұсыныс

2025 жылдың басындағы деректерге сәйкес, ел бойынша 131,4 мың студент жатақханаға мұқтаж. Бірақ соның тек 95,9 мыңы ғана жатақханадан орын алады. Бұл жалпы қажеттіліктің шамамен 73 пайызы. Қалған студенттер пәтер жалдап тұруға мәжбүр.

Алайда бұл көрсеткіш барлық өңірде бірдей емес. Кейбір облыстарда жатақхана тапшылығы өте жоғары. Мысалы, ел бойынша ең көп студент Алматы – 123,5 мың, Астана – 51,9 мың және Шымкент – 28,5 мың қалаларында оқиды. Алматы мен Астанада әрбір екінші студент жатақханаға мұқтаж. Бұл қалаларда сұраныс өте жоғары.

Ең қиын жағдай Ақтөбе облысында. Мұнда жатақханаға мұқтаж студенттердің үлесі 70 пайызға жуық, бірақ олардың тек жартысы ғана (50,4%) жатақханадан орын алады. Солтүстік Қазақстан (68,8%), Түркістан (58,5%) , Абай облыстарында (55,4%).

Студенттерге арналмаған жатақханалар

2025 жылдың қаңтар–маусым айлары аралығында ел бойынша 22 жаңа жатақхана пайдалануға берілген. Бірақ олардың тек алтауы ғана нақты студенттерге арналған. Тағы 4 жатақхана – отбасылық үлгідегі, ал қалғандары – жұмысшылар мен мигранттарға арналған ғимараттар.

Жаңа жатақханалар салынған өңірлер:

Атырау облысы – 6
Астана қаласы – 4
Ақмола және Маңғыстау облыстары – әрқайсысында 3 жатақханадан
Алайда сұранысы ең жоғары өңірлер – Алматы мен Ақтөбе облыстарында биыл бірде-бір студенттік жатақхана салынбаған. Абай және Қызылорда облыстары бойынша нақты мәліметтер жоқ.

Студенттер саны артып келеді

2025 жылдың бірінші тоқсанында басқа аймақтардан 8,9 мың студент келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға көп. Ең көп өсім Алматы қаласында – 2,1 мың студент. Одан кейін Астана, Шымкент, Алматы және Түркістан облыстары орналасқан. Павлодарда студент саны өзгеріссіз қалса, Ұлытау мен Ақмола облыстарында азайған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Студент #жатақхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды: «Халық Конституциясы – Әділетті Қазақстанның төлқұжаты»

Бүгін 00:13

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

Бүгін 18:06

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды

Бүгін 17:38

Шерзод Давлатов Еуропа кубогының чемпионы атанды

Бүгін 17:33

Евгений Данилов пен Богдан Бобров РПТ турнирінің күміс жүлдегерлері атанды

Бүгін 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);