AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық студенттер елімізде оқи отырып, АҚШ-т...

Қазақстандық студенттер елімізде оқи отырып, АҚШ-тың дипломын ала алады

Білім және ғылым 05.08.2021, 09:07 1,664
Қазақстандық студенттер елімізде оқи отырып, АҚШ-тың дипломын ала алады
Сурет: Gazon.media

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері осындай мүмкіндікке ие болды.


Бұл аталмыш университетпен стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстандық студенттер елімізде оқуын жалғастыра отырып, АҚШ-тың беделді жоғары оқу орны Аризона университетінің дипломын ала алады. 



Қазақстандық тарап Аризона университетінің өкілдерін шақырды. Олар отандық жоғары оқу орындарының мүмкіндіктері мен әлеуетін зерделеп, әріптес ретінде М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін таңдады. Делегацияның Қазақстанға сапары кезінде министрлік пен университет арасында меморандум жасалды. Жуырда ынтымақтастықты нығайту үшін ұйымдастыру іс-шаралары өткізілетін болады.



Жасалған келісімдер аясында отандық университет екі ғасырдан астам тарихы бар американдық жоғары оқу орнының тәжірибесін қолданатын болады.


Америкалық оқытушылар қазақстандық әріптестерімен студенттердің зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған оқыту технологияларымен бөліседі.


Аризона университеті қазақстандық жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушылары үшін өзінің цифрлық кітапханасы мен білім беру ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.


Сонымен қатар Аризона университеті Солтүстік Қазақстан университетінің студенттерін бірлесіп оқыту үшін өз оқытушыларын жібереді.


Сабақтарды ағылшын тілінде өткізу жоспарланғандықтан, отандық университетте дайындық бөлімі – foundation ашылады.


Түлектер бірден екі университеттің дипломын алады.



«Жобада академиялық технологиялар трансфері қарастырылған. Атап айтқанда, Аризона университеті американдық академиялық стандарттар бойынша СҚУ оқытушылары мен студенттерінің әлеуетін арттырумен айналысатын болады. Қазақстандық және американдық ғалымдар қатарынан бірлескен ғылыми топтар құрылады. Олар солтүстік өңір үшін дәстүрлі агротехнология және инженерлік технологиялар сияқты бағыттар бойынша жұмыс істейтін болады. Аризона Университетінде екі ғасырдан астам тарихы бар. Қазір Times (THE) рейтингінде жетекші орында тұр. Университет медицина, физика және астрономия саласындағы жетістіктерімен танымал. Қазіргі уақытта Аризона студенттері марстағы жанартаулар мен айдағы таулардың суреттерін жеткізетін телескопты жасаумен айналысып жатыр. Олар NASA-мен тығыз жұмыс істейді. Бірлескен ынтымақтастықты нығайту шаралары жоғары білім беру саласына үлкен серпіліс береді», – деп атап өтті М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы – ректор Ерлан Шуланов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Студент #аризона #АҚШ #диплом #БҒМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика