Мэйшань қаласында (Қытай) спорттық құзға өрмелеуден Азия чемпионаты аяқталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Бұл байрақты бәсекеде қазақстандық спортшылар «қиындық», «жылдамдық» және «боулдеринг» бағдарламасы бойынша сынға түсті.
«Қиындық» бағдарламасында Алексей Панфилов 39-орын, Глеб Семешкин 43-орын, Азат Майкотов 45-орын алды. Ал әйелдер арасында Полина Андреева 32-орын, Дарья Кузьменко 33-орын, Виктория Адаменко 34-орынға жайғасты.
«Жылдамдық» бағдарламасында Дамир Тоқтаров 10-орын, Әмір Маймұратов 13-орын, Ришат Хайбуллин 15-орын, Бекнұр Алтынбеков 17-орын, Жандос Қалыбай 38-орын алды. Әйелдер арасында Аделия Утешева 22-орын, Анна Баларшина 23-орын, Арина Новицкая 24-орын, Тамара Ұлжабаева 27-орынға тұрақтады.
«Боулдеринг» бағдарламасында Азат Майкотов 38-орын, Алексей Панфилов 45-орын, Вадим Ишмухаметов, Глеб Семешкин, Кымсан Цой 47-орында жарысты аяқтады. Әйелдер арасында Полина Андреева 33-орын, Дарья Кузьменко 36-орын, Айханым Айдарханқызы 37-орын, Виктория Адаменко 38-орын алды.