конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық прокурорлар жасанды интеллект әзірлем...

Қазақстандық прокурорлар жасанды интеллект әзірлемелерін әлемге әйгілі сарапшы Кай-Фу Лиге таныстырды

Әлеумет Бүгін 15:25 40
Қазақстандық прокурорлар жасанды интеллект әзірлемелерін әлемге әйгілі сарапшы Кай-Фу Лиге таныстырды
Фото: ҚР Бас прокуратурасы

Қазақстан құқық қорғау қызметі деректер ғылымымен жасанды интеллектке сүйенетін мемлекеттер қатарына қадам басуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов жасанды интеллект саласындағы әлемге әйгілі сарапшы Кай-Фу Лимен жұмыс кездесуін өткізді.

Іс-шараның басты тақырыбы IT-мамандар емес, прокуратура қызметкерлерінің өздері әзірлеген алғашқы цифрлық жасанды интеллект құралдарының таныстырылымы болды.

Мұндай нәтижелерге қазақстандық Q.AI компаниясымен ынтымақтастықтың арқасында қол жеткізілді.

20-дан астам прокурор дәстүрлі бағдарламалау дағдыларынсыз жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік беретін озық Vibe Coding әдісі бойынша қарқынды оқудан өтті.

Кездесу барысында қадағалау органының басшысы мен доктор Кай-Фу Лиге екі пилоттық өнім таныстырылды:

  • Тергеушінің ЖИ-көмекшісі (қылмыстық схемалар генераторы) – қылмыстық істер бойынша мәтіндік анықтамаларды автоматты түрде талдап, бірнеше секунд ішінде көрнекі схемалар құрастыратын бірегей алгоритм. Жасанды интеллект қылмыстың мән-жайын өздігінен анықтап, қатысушылар арасындағы жасырын байланыстарды айқындайды және негізгі дәлелдемелерді жүйелейді. Парақорлық пен жалған шот-фактураларға қатысты істерде сынақтан өткен бұл құрал прокурорларды техникалық сипаттағы күнделікті жұмыстан босатып, уақытты айтарлықтай үнемдейді.

  • Үлкен деректердің ЖИ-талдаушысы – қылмыстық статистиканың бір жылдық көлемін небәрі 15 минут ішінде өңдей алатын жүйе. Нейрожелі құқық бұзушылықтардың түрлері мен демографиялық көрсеткіштерін көрнекі түрде бейнелейтін интерактивті дашбордтар қалыптастырады. Бұл шешім мемлекеттік деңгейде алдын алу шараларын қабылдау үдерісін түбегейлі жеделдетуге мүмкіндік береді.

«Бүгін біз Бас прокуратураның цифрлық жетілу деңгейінің жоғары екенін көріп отырмыз. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет он жыл ішінде қоғам игілігі үшін – азаматтарды алдын ала қорғау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында пайдалануға болатын орасан зор деректер қорын жинақтады. Кодтың бірде-бір жолын жазбаған қызметкерлер адамның мүмкіндігінен әлдеқайда жоғары жылдамдықпен деректерді өңдей алатын өнімдер әзірлеуде», – деді Кай-Фу Ли таныстырылым барысында.

Кездесу қорытындысы бойынша прокурор-әзірлеушілерді одан әрі оқыту, сондай-ақ ведомство көлемінде жүйелі «ЖИ-қабатын» енгізу үшін басым пилоттық кейсті айқындау жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Жасанды интеллект саласындағы үздік шешімдердің авторы атанған прокурорларға алғыс хаттар табысталды.

«XXI ғасырда басты детектив алгоритмдер болады. Егер бұрын қылмыскерді саусақ ізі әшкерелесе, енді оны мінез-құлық моделі әшкерелейді. Біз ұрылардың, қарақшылардың және зорлық-зомбылық жасаушылардың күмәнді мінез-құлық үлгілерін анықтау үшін бейне ағындарды талдау мүмкіндігіне жақындап келеміз. Қылмыскер жүзін жасыра алады, бірақ өзінің мінез-құлқын жасыра алмайды. Осылайша қылмыстың алдын алу және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету тетіктері күшейеді. Заңның алдын ала әрекет ету мүмкіндігі артады», – деп атап өтті Берік Асылов кездесуді қорытындылай отырып.

2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Бұл кездесу мен онда ұсынылған барлық шешімдер Мемлекет басшысының мемлекеттік институттарды жаңғырту және мемлекеттік басқару сапасын арттыру үшін озық технологияларды пайдалану жөніндегі тапсырмаларының нақты жүзеге асуы болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҚР Бас прокуратурасы #цифрландыру #Жасанды интеллект
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Томотерапия туралы түсіндірме: пациенттер сәулелік емді толық көлемде алуды жалғастыруда

Бүгін 16:12

Партиялар өңірлерді аралады: олар дәрігерлермен, жұмысшылармен, фермерлермен және студенттермен не туралы сөйлесті?

Бүгін 15:52

«Нашақорлық пен киберқылмыстың алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесу өтті

Бүгін 15:49

Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбе облысындағы ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалармен танысты

Бүгін 15:00

Алматы хайуанаттар бағындағы кубалық қолтырауын Фидель 40 жасқа толды

Бүгін 14:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);