AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық оқушылар Грекиядағы математика олимпи...

Қазақстандық оқушылар Грекиядағы математика олимпиадасына қатысады

Білім және ғылым 05.05.2026, 19:10 138 yakiya
Қазақстандық оқушылар Грекиядағы математика олимпиадасына қатысады
Оқу-ағарту министрлігі

3-8 мамыр аралығында Грекияның Салоники қаласында Балқан математика олимпиадасы өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Жарысқа Албания, Босния және Герцеговина, Болгария, Кипр, Грекия, Солтүстік Македония, Черногория, Молдова, Румыния, Сербия және Түркия елдері тұрақты қатысып келеді. Сонымен қатар, жыл сайын Азия мен Еуропаның бірқатар мемлекеті қонақ ел ретінде шақырылады. Биылғы жарысқа барлығы 25 мемлекеттен 150-ден астам оқушы қатысады.

Олимпиадаға тұрақты түрде қатысып жүрген Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, халықаралық рейтингте өз орнын қалыптастырды.

Қазақстан құрамасының мүшелері:

Тимур Мұрат – Алматы қаласындағы Haileybury мектебінің 12-сынып оқушысы;
Батырхан Бейғанов – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;
Әли Еркебұланұлы – Алматы қаласындағы Haileybury мектебінің 11-сынып оқушысы;
Сұлтанәлі Алиасқар – Астана қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
Арнұр Аңсатов – Қызылорда облыстық С. Шаухаманов атындағы №9 «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Бердібек Орынбасар – Атырау облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

Қазақстан құрамасының жетекшілері:

Асылбек Исахов - Қазақ-Америка университетінің президенті;
Мұхтар Қабақ - Назарбаев Зияткерлік мектебі «Астана-Нұра» филиалының маманы.

Балқан математикалық олимпиадасы қазақстандық оқушылар үшін Халықаралық математика олимпиадасына (IMO) дайындықтың маңызды кезеңі саналады. Аталған дода 2026 жылғы 10-21 шілде аралығында Шанхай қаласында өтеді.

Еске сала кетсек, астаналық оқушылар Ұлыбританиядағы халықаралық чемпионатта топ жарды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оқу-ағарту министрлігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Кеше 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Кеше 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Кеше 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Кеше 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Кеше 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);