AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен робототехника ч...

Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен робототехника чемпионатында жүлдегер атанды

Білім және ғылым 14.06.2023, 04:53 1,529
Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен робототехника чемпионатында жүлдегер атанды
www.gov.kz

US Open FIRST LEGO League халықаралық чемпионатында Қарағанды облысының «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернаты және Шымкент қаласындағы НЗМ оқушылары қола медаль жеңіп алды.Чемпионатқа әлемнің 20 елінен 700 - ден астам оқушы қатысты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.


Шымкенттік «Clutch» тобы Innovation Project Award номинациясында үздік үштікке еніп, қола жүлдеге ие болды. Олар жел генераторы мен күн панельдерінен алынатын электр энергияны сақтауға мүмкіндік беретін инновациялық жоба ұсынған болатын. Жел электр станциясын дайындаған қарағандылық «JelToqSun» командасы ел тарихында алғаш рет жарыстың Champions Award басты жүлдесінің 3-орнына қол жеткізді.



«Біз чемпионатқа жарты жылдан астам уақыт дайындалдық. Үш күндік жарыс біз үшін өте қызықты болды, өйткені мықты қарсыластар келді. Алғашында қобалжығанмен ішкі қорқынышты жеңіп, өз қабілетімізді көрсете алдық. Біз Роботтар ойынында көшбасшылар қатарында болдық. Инновациялық жобаны таныстырып, өзіміздің ұйымшылдығымызды көрсете білдік», – дейді қатысушылардың бірі Акбар Ермеков.



Жарыс арасында қазақстандық оқушылар MIT, Boston University және Harvard секілді беделді оқу орындарының инженерлік факультеттеріне барып, профессорлармен жеке танысты. Олардың пікірін тыңдап, өз тәжірибелеріне қажет кеңес алды.


Естеріңізге сала кетейік, екі команда да Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жыл басында USTEM Robotics қоғамдық қоры ұйымдастырған FIRST Central Asia Орталық Азия ойындарында халықаралық чемпионатқа жолдама алған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақстандықтар #оқушылар #робототехника
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);