Қазақстандық өндірушілер Халықаралық өнеркәсіптік көрмеге қатысады

Қазақстандық өндірушілер Халықаралық өнеркәсіптік көрмеге қатысады Сурет: Kommersant.ru

Аталмыш шара 4-7 шілде күндері Екатеринбург қаласында өтеді.


Келесі айдың басында қазақстандық өндірушілер ИННОПРОМ-2022 Халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысады. Бұл шара қазақстандық компаниялар үшін көптеген  мүмкіндік береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«2022 жылғы 4-7 шілдеде Екатеринбург қаласында (РФ) ИННОПРОМ «Өнеркәсіптік ауысу: сын-қатерлерден жаңа мүмкіндіктерге» 12 Халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтеді»,- делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Көрменің негізгі бағыттары: цифрлық өндіріс, металл өңдеу, көліктік машина жасау, металлургия, энергетикаға арналған технологиялар, жаңа материалдар, компоненттер өндірісі, тау-кен өнеркәсібі.


Компаниялар тау-кен металлургия кешені, машина жасау, химия және фармацевтика өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп, цифрлық индустрия, жасыл энергия, аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсібі үшін өнімдер мен шешімдерді ұсынады.


ИННОПРОМ-2022 іскерлік бағдарламасы аясында компаниялар мен өңірлердің конференциялары мен семинарлары жоспарланған.


6-7 шілдеде ИННОПРОМДА құрамдас бөліктерді өндірушілердің форумы өтеді. Бұл шара аясында құрамдас бөліктерді өндірушілер Ресей Федерациясының ең ірі өнеркәсіптік компанияларына өз өнімдері мен технологияларын ұсына алады.


ИННОПРОМ-қазақстандық компаниялар үшін өзін танытуға, келісімшарттар жасауға және жаңа серіктестік байланыстар орнатуға тамаша мүмкіндік.


Қазақстан биыл ИННОПРОМ-2022 көрмесінің ресми серіктес елі болып табылады. Осыған байланысты қазақстандықтар құрамдас бөліктерді өндірушілердің форумына тегін қатыса алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48

15:14

14:47