AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық мамандар жалған ақша белгілері қандай...

Қазақстандық мамандар жалған ақша белгілері қандай болатынын айтты

Әлеумет 29.07.2022, 06:07 1,331
Қазақстандық мамандар жалған ақша белгілері қандай болатынын айтты
Сурет: Kapital.kz.

Купюраны тексеруге бірнеше минут уақыт кетеді.


Үстіміздегі жылдың алты айында қазақстандық мамандар 408 150 теңгенің қолдан жасалғанын анықтаған.Бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салысытырғанда 41%-ға аз, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«2022 жылдың І жартыжылдығында Қазақстан Ұлттық Банкі мен екінші деңгейлі банктер 408 150 теңгенің қолдан жасалған 139 ақша белгісін (136 банкнот пен 3 монета) анықтады»,- делінген Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарламасында.



ҚҰБ банкноттар мен монеталарды сараптау басқармасының бастығы Асқат Мұқамадиевтің айтуынша, көп жағдайда номиналы 2 000 теңгелік банкноттар (97 дана) қолдан жасалған. Олар жалпы көлемнің 70%-ын құрайды. Номиналы 5 000 теңгеліктен – 15 дана (11%), 10 000 теңгеліктен – 10 дана (7%) ақша қолдан жасалған. Қалған 9%-ы өзге номиналдағы банкноттарға тиесілі.


Жалған банкноттардың көп  бөлігі Алматыда – 68 дана (жалпы көлемнің


51%-ы), Нұр-Сұлтан қаласында – 16 дана және Шығыс Қазақстан облысында – 29 дана анықталды.


Қазақстан Ұлттық Банкі түпнұсқа банкноттарды қолдан жасалған ақшадан ажыратуға көмектесетін қарапайым қағидалардың бар екенін еске салады. Банкноттарда бедер тудыратын арнайы мөр бар.



Сол сияқты барлық банкноттарда көру қабілеті нашар адамдарға арналған, қолмен ұстағанда жақсы білінетін дөңес тәрізді жоғары бедерлі элемент түріндегі белгілер бар.



Банкноттың түсі анық және контрастылы болуға тиіс, су таңбасы мен номиналдың цифрлық бейнесін көру үшін банкнотты жарыққа бағыттап көру қажет.


Банкнот бетіндегі жазулары бар тұтас жіп тәріздес, жарықта анық көрінетін жазулар бар үзік сызық түріндегі тұтас магниттік және сүңгуір жіпке де назар аударған жөн.



Номиналы 1 000, 2 000, 5 000, 10 000 және 20 000 теңгелік банкноттарда түрлі-түсті бояумен салынған сурет түріндегі бейнелер бар. Банкноттың көлбеу бұрышы өзгерген кезде бейнелердің түсі жасылдан алтын түске дейін өзгереді.



Купюраны осы әдіспен тексеруге бірнеше минут уақыт кетеді және ол банкноттың түпнұсқасын анықтауға көмектеседі. Шын ақшаны жалған банкноттан қалай ажыратуға болатыны туралы ақпаратпен Қазақстан Ұлттық Банкінің сайтында толығырақ танысуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жалған #теңге #анықтау әдісі #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бүгін 21:15

Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Федеративтік Республикасы Президентінің Бірлескен Декларациясы

Бүгін 21:00

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 20:30

Зияткерлік жарыс алматылық білімді жастарды біріктірді

Бүгін 19:01

Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 18:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);