Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық мамандар елдегі біліктілік жүйесінің...

Қазақстандық мамандар елдегі біліктілік жүйесінің қалай дамитынын айтты

Әлеумет 20.06.2022, 04:33 1,146
Қазақстандық мамандар елдегі біліктілік жүйесінің қалай дамитынын айтты
Сурет: Islamnews.ru

Жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.


Қазақстан Үкіметі Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының қызметкерлерді құзыреттерді тұрақты арттыруға ынталандыру және олардың біліктіліктерін тану мәселелерін реттеу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Қазақстандық қоғамның даму үрдістері, өндірістің жаңа түрлерінің және жұмыспен қамту түрлерінің пайда болуы экономиканың түрлі бағыттарында білікті кадрларға жаңа сұраныс қалыптастырады. Жұмыс берушілер тарапынан дайындық деңгейі мен дағдыларға қойылатын талаптардың артуы көбінесе жұмысқа орналасуға мұқтаж мамандардың кәсіби құзыреттеріне сәйкес келмейді.


Еңбек нарығының теңгерімділігін және мамандардың біліктілігінің жұмыс берушілердің сұранысына сәйкестігін реттеу үшін кәсіптік стандарттарды әзірлеу және өзектендіру жүргізілуде. Бұдан әрі олар мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін білім беру мекемелерінің оқу бағдарламаларын әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.


Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және қайта қарау бойынша жобалау командаларын үйлестіру, әдіснамалық қолдау және сүйемелдеу мақсатында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ базасында осы жылдың мамыр айында барлық салалық мемлекеттік органдарды, «Атамекен» ҰКП мен жұмыс берушілер қауымдастығын тарта отырып, ҰБЖ дамыту жөніндегі жобалау кеңсесі құрылды.



«2022-2025 жылдар аралығында экономиканың басым салаларын: білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, әлеуметтік сала, көлік және логистика, туризм, құрылыс және т. б. өзекті кәсіби стандарттармен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс жүргізу жоспарлануда. Талап етілетін мамандықтар бойынша мамандарды сапалы даярлау үшін жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру бағдарламалары жаңартылатын болады. «Кәсіптік біліктіліктер туралы» заң жобасын ескере отырып, кәсіби біліктіліктерді бағалау және тану жүйесі дамитын болады», – деді жобалау кеңсесінің басшысы Ерасыл Жұманбаев.



Жобалау кеңсесі қызметі шеңберінде сарапшы-әдіскерлердің қатысуымен мемлекеттік органдардың жұмыс топтарымен күнделікті кездесулер, сондай-ақ ЕХӘҚМ басшылығының төрағалығымен басқарушы комитеттің апта сайынғы отырыстары өткізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #біліктілік #үкімет #жүйе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика