Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстандық жас спортшы Гиннестің рекордтар кітаб...

Қазақстандық жас спортшы Гиннестің рекордтар кітабына енді

Спорт 19.10.2021, 06:28 1,735
Қазақстандық жас спортшы Гиннестің рекордтар кітабына енді
Сурет: Egemen.kz

Спортшы бес рекорд жаңартқан


Шахтинск қаласының 19 жастағы тұрғыны Руслан Фатахов кермеге тартылудан бес жаңа рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Руслан кішкентай кезінен спортпен айналысқан. Алғашында грек-рим күресін жақсы көрген, кейін жеңіл атлетикамен, футболмен, баскетболмен, волейболмен, ал 16 жасында стритлифтингпен айналысқан.


«Спорт - менің өмір салтым. Жеңіске жеткенді, бірінші болғанды жақсы көремін. Стритлифтинг - өз-өзіңмен күресу. Басында артық салмақпен көтеріле алмадым, бірақ ауыр жаттығулар өз нәтижесін берді. Былтыр жазда өз салмағыммен +32 келі тартуда әлем чемпионы атандым. Чемпионат Киевте өтті», деді Руслан.


Руслан былтыр қазанда Гиннестің рекордтар кітабына «қосымша салмақпен тартылу» номинациясына өтінім берген. Ол осы номинациядағы барлық жеті рекордты жаңартуға шешім шығарған. Биыл сәуірде екі жаттықтырушының қатысуымен және фото, видеоға түсіріп, орындаған. Видео мен қажет құжаттарды жіберген Руслан алты айға жуық уақыт жауап күткен. Жақында оның бес рекорд жаңартқаны расталды. Бұл – өз салмағымен минутына + 45 кг, минутына 31 рет +27 кг, минутына 39 рет +18 кг, кері 35 рет +18 кг тартылу. Тағы екі категория бойынша әзірге нәтиже жоқ.



«Гиннестің рекордтар кітабына енгеніме қуаныштымын. Екі категория бойынша маған қосымша құжат жіберуімді сұрады, мен әлі жауап алмадым. Рекорд орнатамын деп ойлаймын. Қазір Ресейде оқимын. Шет тілдерін үйренемін, жаттығу жасаймын. Болашақта жаттығу мен стритлифтинг секциясын ашып, біліміммен, тәжірибеммен бөліскім келеді», - деді Руслан Фатахов.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Гиннес #Рекорд #стритлифтинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Тоқаев пен Мирзиёев кездеседі

Бүгін 16:17

Самокатпен сайран сап...

Бүгін 16:06

Ислам және Йога: сенім мен денсаулық арасындағы дилемма

Бүгін 15:59

Перизаттың көліктері астаналық полицейлерге бұйырыпты

Бүгін 15:44

«ТҮРКІСТАН САҚШЫЛАРЫ» КИНОТЕАТРДА!

Бүгін 15:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика