AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагн...

Қазақстандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды

Білім және ғылым 08.11.2021, 05:34 1,382
Қазақстандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды
24 kz

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ғалымдары жатыр мойны обырын кешенді диагностикалау үшін ерітінді жасап шығарды. Екі жыл бойы ғылыми қызметкерлер сауықтыру орталығының өкілдерімен бірлесе цитология саласында сұранысқа ие сұйықтық құрамын әзірледі деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, нәтижесінде олар бұрын-соңды шетелден әкелінген отандық өнімді жасай алды. Енді ғалымдардың бұл жаңашылдықтары медициналық қызметтің құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Өйткені ол қаржылық жағынан да, географиялық жағынан да қолжетімді бола түспек. Ғалымдардың айтуынша, ерітіндінің сапасы шетелдік аналогтардан кем түспейді.



«Біздің ғалымдарымыздың жасап шығарған туындысы импортты алмастыру мәселесін шешеді. Осы зерттеудің нәтижесінде биоматериалды сақтауға арналған бекітуші ерітіндінің оңтайлы құрамы жасалды. Бұл биоматериалдарды тұрақтандыруға және тасымалдауға мүмкіндік береді, яғни онкологиялық ауруды одан әрі диагностикалау үшін жатыр мойнына жақпа ретінде пайдаланылады. Бұл әзірлеменің бірегейлігі – қатерлі ісікті тез диагностикалау мәселелерін кешенді түрде шешу болып табылады», – деді С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Ұлттық ғылыми зертханасының кіші ғылыми қызметкері Айдана Имашева.



Айта кетейік, ғалымдар тобы өздері әзірлеген бекітуші ерітіндіге патент алды. Нәтижесінде бұл өнім Қазақстан Республикасының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізіліміне енгізілді. Қазіргі таңда жоба коммерцияландыру сатысында. Сонымен қатар ғалымдар басқа да биологиялық материалдарды сақтау ерітіндісінің құрамын жақсарту барысында жұмыс істеуде.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Ғылым #жаңалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

PGL Astana 2026: елордада турнирдің алғашқы ойын күнін шамамен 7000 көрермен тамашалады

Бүгін 15:48

Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты

Бүгін 15:04

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 14:04

Алматыда колледждерге мемлекеттік тапсырыстың басым бағыттары бекітілді

Бүгін 12:16

Отбасы – бақыт мекені: Алматыда «Толағай жолы: Әке мен бала» эстафетасы өтті

Бүгін 12:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);