Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақстандық дизайнерлер шетел нарығын дамытуда

Қазақстандық дизайнерлер шетел нарығын дамытуда

Мәдениет 22.07.2022, 11:02 1,893
Қазақстандық дизайнерлер шетел нарығын дамытуда
Сурет: Qazaqtv.com

Отандық дизайнер этникалық стильде пішілген көйлектермен шетелді бағындырып жүр.


Этникалық стильдегі қалыңдықтың салтанатты көйлектерін пішіп жүрген Анастасия Романованың әр уақыты санаулы, әр күні бағалы. Қыркүйек айында отандық дизайнер Италияның Милан қаласындағы шоуға, ал одан бұрын Түркияда 20 киім үлгісінен құрылған жеке топтамасын ұсынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


 Ұлттық нақыштағы алғашқы көйлегін ол осыдан 6 жыл бұрын дүниеге әкелген. 



«Мен киім үлгілерінің өз бойына ұлттық нақыш пен заманауи сән үлгісін үйлестірген ерекше мәнерде болғанын қаладым. Сондықтан жұмыстарымыз Қазақстан нарығында ұсынған өзге үлгілерден ерекшеленіп тұрады», - дейді қалыңдық көйлектерінің дизайнері Анастасия Романова. 



Шебер велюр және барқыт сияқты тығыз маталармен жұмыс істеуден бас тартқан. Киім үлгісі тапсырыс берушінің талғамына сай жасалады. Яғни, өзгеде кезікпейтін, қайталанбас дара үлгіде болады. Олардың бірінде нәзік қыздарға арналған «қалыңдықтың тасы» деп аталып кеткен раушан кварцын кезіктірсеңіз, енді бірі өзіне сенімді сәнқойлардың талғамынан шығатын әсем нефритпен безендірілген. Бұндай киім үлгілеріне тапсырыс ел ішімен қатар шет мемлекеттерден жиі түсіп жатады.


Көздің жауын алатын қазыналы қазақ мәдениеті өзінің бірегейлігімен әлемді өзіне баурап алды. АҚШ, Ресей, Франция тіпті Оңтүстік Африка сынды алыс сырт мемлекеттер қазақстандық зергер Георгий Мариниченконың ерекше жұмыстарымен жақсы таныс. Жаңа этникалық бағытта жасалатын әшекей бұйымдары кеңге танымал. Шебер тек Қазақстан аумағынан табылған бағалы тастарды заманауи құралдардың көмегінсіз дәстүрлі түрде қолмен өңдейді.  



«Мен біздің жаңа этникалық бұйымдарды жасауға ден қоямын. Бай мәдениетімізді шетелге таныту үшін оларды Германия, Америка сынды елдердегі көрмелерге шығарғым келеді. Отандастарымды жақсы түсіну үшін  қазір қазақ тілін меңгеруді қолға алдым»,- дейді зергер Георгий Мариниченко. 



.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#дизайнер #шетелдік нарық #қалыңдық көйлегі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақ қызы Бангкок төрінде бас жүлде жеңіп алды

Бүгін 15:22

Алматылық спортшылар үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

Бүгін 15:17

Алматыда Жароков көшесінің бір бөлігінде жол жабынын қалпына келтіру жұмыстары басталады

Бүгін 15:15

Алматыда 380 мың шаршы метрден астам аумаққа гүл егіледі

Бүгін 15:13

Тоқаев паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты “Барыс” орденімен марапаттады

Бүгін 14:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика