AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстандық дәрігерлер «табиғи» кесарь тілігін мо...

Қазақстандық дәрігерлер «табиғи» кесарь тілігін модификациялау бойынша шеберік сабағын өткізді

Медицина 20.05.2023, 09:44 1,746 Аlmaty-akshamy.kz
Қазақстандық дәрігерлер «табиғи» кесарь тілігін модификациялау бойынша шеберік сабағын өткізді
сурет:gov.kz

Бұл әдіс жаңа туған нәрестенің жатырдан «өздігінен» шығуына мүмкіндік береді.


Қазақстандық дәрігерлер «табиғи» кесарь тілігін модификациялау бойынша шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанда бұл әдісті С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті акушерлік және гинекология кафедрасының профессоры Г.К. Омарова жетілдіріп, практикалық акушерлікке «табиғи» кесарь тілігінің модификациясы ретінде енгізді.


Осы әдіс бойынша алғашқы операция Алматы қаласында өткен еді.



Бүгінгі таңда Жетісу облысының дәрігерлері бұл тәжірибені облыстық перинаталдық орталықтың базасында қолданады.


«Табиғи» кесарь тілігінің модификациясы физиологиялық босанудың биомеханизм қағидаттарын ұстанып қана қоймайды, бұл әдіс жаңа туған нәрестенің жатырдан «өздігінен» шығуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар әйел босана салып баласымен тікелей байланыста болады.



«Жаңа туған нәрестенің ананың терісімен ерте байланысын хирург оны операциялық киімде арнайы жасалған «терезе» арқылы ананың кеудесіне ауыстыру арқылы қамтамасыз етеді, осылайша бала медицина персоналымен байланыспайды. Операция кезінде босанған әйел жаңа туған нәрестемен бастапқы және тікелей байланыста болады, психоэмоционалды қанағаттануды сезінеді, оны өмірдің алғашқы минуттарынан бастап көреді», - дейді профессор.




«Табиғи» кесарь тілігінің модификациясы артықшылықтарының бірі – физиологиялық босанудың биомеханизм қағидаттарын сақталады, яғни интероперациялық  кезеңнен бастап акушер мен неонатологты айналып өтіп, ана мен бала бірге болады, жаңа туған нәресте физиологиялық жағынан тез бейімделеді.



«2022 жылы профессор Г. Омарова «Ана мен бала» конференциясында өзінің бірегей әдістемесін таныстырды. Жетісу облысының дәрігерлері қызығушылық танытты, ал 2023 жылы біз Қазақстанда бірінші болып табиғи кесарь тілігі бөлімін қолдандық», - деп бөлісті Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Бауыржанқызы.



«Табиғи» кесарь тілігінің модификацияланған әдісі жоспарлы түрде жүргізілді және үш күннің ішінде дәрігерлер 10 әйелді босандырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#табиғи кесарь тілігі #босану #Ана мен бала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенбіде Қазақстанда жаңбыр мен аптап ыстық қатар болады

Бүгін 09:04

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);