Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов WBC және IBF титулдарының иегері атанды

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов WBC және IBF титулдарының иегері атанды Сурет:  sports.kz

Әли Ахмедов – Головкин негізін қалаған GGG Promotions промоутерлік компаниясының боксшысы


Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (19-1, 14 КО) 18 қыркүйекте жеңіп алған WBC Silver және IBF North American чемпионы титулдарының жеке иегері атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа   сілтеме жасап.


Жоғарыда аталған белбеулер үшін жекпе-жекте Ахмедов тәжірибелі америкалық Габриэль Росадоны (26-16-1, 15 КО) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді. Жекпе-жек Лас-Вегаста Геннадий Головкин-Сауль «Канело» Альварес III шоу аясында өтті.


Sports.kz сайтының жазуынша, айқастан кейін үш аптадан соң қазақстандыққа жүлделері табыс етілді. Али титулдарының суретін Instagram Stories-те жариялады.
Әли Ахмедов – Головкин негізін қалаған GGG Promotions промоутерлік компаниясының боксшысы.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:28

12:19

12:05

11:47

11:34

11:18

11:05

10:54

10:44

10:32

10:22

10:10

09:48

09:29

09:10

08:31

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33