AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстандық атлет Азия чемпионатында алтын медаль...

Қазақстандық атлет Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Спорт 13.10.2022, 15:30 1,477 Almaty-akshamy
Қазақстандық атлет Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Сурет: Ашық дереккөз

Ол аталған қашықтықты 27:35.44 көрсеткішімен бағындырды


Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасы Кувейтте 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы алтын медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Федерацияның ресми парақшасында хабарланғандай, ел қоржынына бас жүлдені бірінші болып Сабрина Арзиева сыйлады.
Нақтырақ айтсақ, Арзиева спорттық жаяу жүрісте 5000 метрге жарысудан алдына жан салмады.


Ол аталған қашықтықты 27:35.44 көрсеткішімен бағындырды. Бұл - қазақстандық атлеттің құрлықтық жарыстардағы жеңіп алған алғашқы ірі жүлдесі.
Кувейттегі Әл-Рашадан стадионында өтіп жатқан Азия чемпионатында 33 мемлекеттен келген 400-ден аса жеңіл атлет сынға түсіп жатыр.
Олардың қатарында 27 қазақстандық спортшы ел намысын қорғайды.


Бүгін, яғни 13 қазанда алауы тұтанған Азия чемпионаты 16 қазан күні мәресіне жетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#атлет #Азия чемпионаты #Алтын медаль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенбіде Қазақстанда жаңбыр мен аптап ыстық қатар болады

Бүгін 09:04

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);