Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық әскерилер халық арасында әскери қызме...

Қазақстандық әскерилер халық арасында әскери қызметті насихаттау жұмысын бастады

Әлеумет 14.09.2022, 06:05 1,841
Қазақстандық әскерилер халық арасында әскери қызметті насихаттау жұмысын бастады
Сурет: Almaty.tv

Әсіресе, әскерге шақыру науқаны ерекше назарға алынып отыр.


Күзгі шақыру науқаны басталысымен, Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша қорғаныс ведомствосының ақпараттық-түсіндіру тобы ел өңірлерінде жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Бұл жұмыстың басты бағыттары – Президенттің Жолдауын түсіндіру, халық арасында әскери қызметті насихаттау, сондай-ақ «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын іске асыру», - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Ақпараттық-түсіндіру тобы жұмысын Семей және Өскемен өңірлерінен бастады. Облыс орталықтарында бұл қызметке жергілікті атқарушы органдар мен қоғам, «Ана жүрегі» сарбаздар аналары бірлестігінің өкілдері, Қарулы Күштердің ардагерлері және «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының белсенділері тартылды.


Қорғаныс ведомствосының өкілдері әскери қызметшілермен, әскерге шақырылатын және шақыру жасына дейінгі жастармен кездесу барысында Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» халыққа жолдауының ережелерін түсіндірді. Президент айтқан басты тезистер атап өтіліп, олардың елдің қарқынды дамуына және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға негіз болатыны алға тартылды.


Әсіресе, әскерге шақыру науқаны ерекше назарға алынып отыр. Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері мерзімді әскери қызмет өткерудің ерекшеліктері, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін әлеуметтік кепілдіктер туралы айтып, әскерге шақырылушылар мен олардың ата-аналарының сұрақтарына жауап берді.


Сонымен қатар Семей мен Өскеменде қорғаныс ведомствосы Абай және Шығыс Қазақстан облыстарынан шақырылған, бүгінде еліміздің түрлі өңірлерінде қызмет етіп жатқан мерзімді қызметтегі үздік әскери қызметшілердің ата-аналарын салтанатты марапаттау рәсімін ұйымдастырды. Ата-аналарға Отан қорғайтын лайықты ұлдар тәрбиелегені үшін алғыс айтылды, ал болашақ жауынгерлерге ата-анасының және жерлестерінің  мақтанышы болыңдар деген тілектер білдірілді.


Одан бөлек «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалпы білім беретін мектептерде Қарулы күштердің ардагерлері мен әскери қызметшілердің қатысуымен ерлік сабақтары өткізіліп, өскелең ұрпақты әскери оқу орындарына түсу тәртібімен таныстыру ұйымдастырылды. Сондай-ақ оқушыларға арнап Қарулы Күштер туралы деректі фильмдер және әскери жоғары оқу орындары жайлы бейнероликтер көрсетілді.



«Ел Президенті өз Жолдауында егемендік пен аумақтық тұтастықты сақтау аса маңызды міндет деп атап өткен болатын. Ал мемлекетті нығайту үшін бізге бірлік қажет. Жастармен қарым-қатынас барысында өскелең ұрпақтың Әділетті Қазақстанды құруға қаншалықты мүдделі екенін, Отанды қорғауды қай деңгейде түсінетінін байқауға болады. Сондықтан біздің ақпараттық-түсіндіру тобымыздың жұмысы қажет деп санаймын», – деді Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы, генерал-майор Серік Борамбаев.



Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Асеновтың басшылығымен ұйымдастырылған Қарулы Күштер Орталық ансамблінің концертімен аяқталды.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #Қазақстан #науқан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк төрағасы қазақстандықтарға кеңес берді

Бүгін 15:45

Күрес түрлерінен Азия чемпионатына кімдер қатысады?

Бүгін 15:26

Атырауда әйел итті күрекпен аяусыз ұрған - видео

Бүгін 14:56

Қарт әкесін азаптаған ер адамға жаза күшейтілді

Бүгін 14:34

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

Бүгін 14:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика