Қазақстандық сегіз боксшы 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.
Ширек финалда Қазақстан құрамасының өкілдері 10 жекпе-жектің сегізінде жеңіске жетіп, кемінде қола медальды қамтамасыз етті.
Жеңіске жеткен боксшылар:
50 келіге дейін: Нұрасыл Ғалым – Ширю Ичино, Жапония – 5:0.
52 келіге дейін: Бекхан Уразбай – Нуттапон Бунвисет, Таиланд – 5:0.
57 келіге дейін: Нұрислам Оналбек – Аслиддин Усубалиев, Өзбекстан – 3:2.
60 келіге дейін: Әмір Мұхит – Карунг Альбертсон Ком, Үндістан – 5:0.
63 келіге дейін: Мейіржан Жүніс – Такума Ида, Жапония – 3:2.
66 келіге дейін: Ислам Сүлейманұлы – Ранвир, Үндістан – 5:0.
80 келіге дейін: Әлібек Алпамыс – Ен-Ю-Чунг, Қытай Тайбэйі – техникалық нокаутпен жеңді.
80 келіден жоғары: Сабыржан Сағым – Сидхант, Үндістан – 5:0.
Ал 70 келіге дейінгі салмақта Нұрасыл Оразәлі өзбекстандық Абдувохид Абдумажидовке, 75 келіге дейінгі салмақта Төрехан Қанатбай Маруфжон Тошпулатовқа есе жіберді.
Айта кетейік, 15-17 жас аралығындағы спортшылар қатысып жатқан Азия чемпионаты Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатыр. Жарыс 15 мамырға дейін жалғасады.