Қазақстанды қымбатшылық "қысып" барады: кейінгі 15 жылда азық-түлік бағасы неше есе өсті?

  • 13:55, 26 қыркүйек 2025
Қазақстанды қымбатшылық "қысып" барады: кейінгі 15 жылда азық-түлік бағасы неше есе өсті? сурет: ЖИ

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар азық-түлік бағасының қымбаттауына шағымданып жатыр. Желіде жұрт ҚҚС салығының 16 пайызға өсуін құптамайтынын, салық өссе, баға одан сайын шарықтайтынын талқыға салып жатыр. Аqshamnews.kz тілшісі 15 жыл бұрынғы бағаларды салыстырып, қымбатшылық мәселесін саралап көрді. 

2015 vs 2025: баға қанша есе өсті?

2009–2010 жылдардағы сауда желілерінің акция парақшаларына көз жүгіртсек, сол кезде қарапайым отбасы үшін базардан көкөніс, жеміс-жидек пен ет алу әлдеқайда жеңіл болғаны көрініп тұр. Мысалы:

  • Картоп - 65 тг/кг, қазір - 285 тг/кг (өсім шамамен 4,4 есе).

  • Пияз - 49 тг/кг, қазір - 129 тг/кг (2,6 есе).

  • Қызанақ - 199 тг/кг, қазір — 849 тг/кг (4,2 есе).

Ал ет бағасы бөлек мәселе. Тамыз айынан бастап елде сиыр етінің бағасы шарықтап кетті. 15 жыл бұрын 1000 теңгеге 1 келі ет алған болсақ, қазір шамамен 6 есе қымбаттап кетті. 

  • Сиыр еті - 999 тг/кг, қазір - 5475 тг/кг (5,5 есе).

  • Фарш - 985 тг/кг, қазір - 4895 тг/кг (5 есе).

  • Қазы - 1699 тг/кг, қазір - 6049 тг/кг (3,5 есе).

Сары май, ұн, күріш, қаймақ сынды күнделікті азықтардың да бағасы бірнеше есе қымбаттаған. 

  • Сары май - 129 тг/200 г (шамамен 645 тг/кг), қазір - 1419 тг/200 г (шамамен 7 есе).

  • Күнбағыс майы - 259 тг/л, қазір - 1562 тг/л (6 есе).

  • Күріш - 99 тг/кг, қазір - 629 тг/кг (6 есе).

Жалпы алғанда бұрын 5000 теңгеге бір айға жетерліктей картоп, сәбіз, пияз, ұн, май, еттің аздаған мөлшерін алуға болса, қазір бұл ақша тек бір келіге жетер-жетпес етке ғана жетеді екен. 

Ет бағасы елді елең еткізіп отыр

Әлеуметтік желілерде, әсіресе Threads-та қазақстандықтар ет бағасына шағымдарын жаудырып жатыр. Кейбірі әзілдеп, "қазір сиыр етін алу үшін достармен бірге ақша жинау керек" деп жазады. Басқалары мәселені байыппен көтеріп, еттің біртіндеп қолжетімсіз болып бара жатқанына алаңдайды. "Бұрын апта сайын ет алып, сорпа жасайтын едік, қазір айына бір рет қана ет көреміз" деген пікірлер жиі кездеседі.

Желі қолданушыларының бірі: "Сиыр еті - жаңа iPhone сияқты болды ғой. Бірден сатып алу қиын, алу үшін алдын ала ақша  жинау керек" деп қалжыңдаса, басқалары отбасылық дастарқанда еттің сирек көрінетініне қынжылады.

Министрлік: "Қымбатшылық себебі - ішкі факторларда"

Бағаға қатысты сын көбейген соң, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, еттің қымбаттауына ең алдымен ішкі өндірістік шығындар әсер етіп отыр:

"Сиырды бордақылау шамамен екі жыл уақыт алады. Осы аралықта жем-шөп бағасы, жұмысшылардың жалақысы, жанар-жағармай, техникаға арналған шығындар өсті. Шаруашылықтарда бір килограмм еттің өзіндік құны 2400–2500 теңге болса, 15% үстеме бағамен көтерме баға 2800–2900 теңге деңгейінде қалыптасады. Арнайы бордақылау алаңдарында бұл көрсеткіш 3000–3100 теңгеге дейін жетеді, көтерме бағасы - 3400–3500 теңге", - делінген министрліктің жауабында.

Сондай-ақ министрлік фермерлерге жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске қосылғанын айтты: енді бордақылау алаңдары 5% жылдық мөлшерлемемен 12 айға дейін несие ала алады. Бұл ішкі нарықты етпен қамтамасыз етуге көмектесуге тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
1
Соңғы жаңалықтар

20:45

19:51

19:49

19:46

19:43

19:33

18:01

17:52

17:39

17:17

16:58

16:40

16:18

16:01

15:43

15:28

15:27

15:13

14:58

14:39

14:26

14:11

13:03

12:52

12:41