AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Қазақстандағы референдумды 38 елден және 11 халықа...

Қазақстандағы референдумды 38 елден және 11 халықаралық ұйымнан келген 359 байқаушы байқайтын болады

Референдум 10.03.2026, 19:28 302 Сұлу
Қазақстандағы референдумды 38 елден және 11 халықаралық ұйымнан келген 359 байқаушы байқайтын болады
Орталық референдум комиссиясы

Қазақстанда республикалық референдумға жүйелі дайындық жалғасуда, оның аясында дауыс беру рәсімдерінің ашықтығы мен оларға сенімді қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда. Бұл үдерісте халықаралық байқаушылардың қатысуы маңызды рөл атқарады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның хабарлауынша, 2026 жылғы 9 наурыз сағат 18:00-дегі жағдай бойынша, яғни аккредиттеуге өтінімдерді қабылдау аяқталған сәтте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Орталық референдум комиссиясына 38 шет мемлекет пен 11 халықаралық ұйымнан 359 байқаушының кандидатурасын ұсынды.

Оның айтуынша, халықаралық байқаушылардың қатысуы референдумның ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етудің маңызды элементі болып табылады. Қазақстан Республикасы халықаралық байқау институтын дамыту жөніндегі өз халықаралық міндеттемелерін дәйекті түрде орындап келеді.

  • Халықаралық байқаушылардың қатысуының құқықтық негізі «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 6-бабының 4-тармағында көзделген. Оған сәйкес, референдум өткізу кезінде шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың аккредиттелген байқаушылары қатыса алады.

Шетелдік байқаушылар референдумды байқауға Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы Төрағасы мен Сыртқы істер министрінің шақыруы бойынша қатысады, ал олардың аккредиттелуі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы негізінде Орталық референдум комиссиясы арқылы жүргізіледі.

Халықаралық байқау институтын ашу туралы шешім 2026 жылғы 12 ақпанда қабылданды. Аккредиттеу рәсімі 2026 жылғы 9 наурызда Астана уақытымен сағат 18:00-де аяқталды.

Осылайша, халықаралық байқаушылардың қатысуы Қазақстан Республикасында референдумды дайындау және өткізу процесінің ашықтығын қамтамасыз етудің маңызды элементі болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Бүгін 17:29

Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

Бүгін 17:12

«Патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілік – әрбір командирдің міндеті» атты III республикалық форум өтті

Бүгін 15:52

Тоқаев Абай облысының әкімін қабылдады

Бүгін 15:35

Алматылық психолог жасөспірімдерді жұмыс туралы хабарландырулар арқылы есірткі бизнесіне қалай тартатынын түсіндірді

Бүгін 14:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);