Экзитпол нәтижелері бойынша Құрылтайға қанша партия өткені белгілі болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алғашқы сауалнама нәтижесіне сәйкес, Құрылтайға 5 саяси партия өтуі мүмкін. Бұл деректерді Еуразиялық интеграция институты жариялады.

Құрылтай сайлауындағы экзитпол нәтижесі мынадай:
"Әділет" партиясы - 71,80%;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 5,20%;
Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы - 1%;
Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 3%;
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 6,40%;
Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы - 5,10%;
Respublica - 5,40%;
"Бәріне қарсымын" - 2,10%.

ИКСИ "Социс-А" дерегі бойынша, Құрылтай сайлауындағы экзитпол нәтижесі былай бөлінді:
"Әділет" партиясы - 70,7%;
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 6,4%;
Respublica - 5,5%;
Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы - 5,4%;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 5%;
Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 3,2%;
Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы - 1,2%;
"Бәріне қарсымын" - 2,6%.
Партиялар Құрылтайға өтуі үшін жалпы сайлаушылар дауысының кемінде 5 пайызын жинауы тиіс.
Сайлаудың алдын ала және түпкілікті қорытындысын кейін Орталық сайлау комиссиясы жариялайды. Ресми нәтиже 30 тамызға дейін белгілі болуға тиіс.