AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандағы икемді жұмыспен қамту шарттары заңна...

Қазақстандағы икемді жұмыспен қамту шарттары заңнамалық түрде бекітілетін болады

Әлеумет 16.09.2022, 04:43 1,021
Қазақстандағы икемді жұмыспен қамту шарттары заңнамалық түрде бекітілетін болады
Сурет: Ekonomist.kz

300 мың бейресми жұмыспен қамтылған адамды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Қазақстанда Әлеуметтік кодекс жобасы шеңберінде халықты икемді және платформалық жұмыспен қамтудың жаңа түрлері үшін жағдайлар және жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау шаралары заңнамалық деңгейде қалыптастырылып, бекітілетін болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Әлеуметтік кодекстің жобасында халықтың жекелеген осал санаттарына жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саясатынан барлық еңбекке қабілетті азаматтардың нәтижелі жұмыспен қамтылуы үшін тең бастапқы жағдайлар жасауға көшу көзделеді.


Бірінші. Платформалық жұмыспен қамтуды қоса алғанда, құқықтық өрісте жұмыспен қамтудың икемді нысандарын бекіту. Жұмыс берушілер тарапынан теріс пайдалануға жол бермеу мақсатында еңбекті ұйымдастырудың міндетті шарттары бекітілетін және жұмыспен қамтудың икемді нысандары үшін нысаналы топтар айқындалатын болады.


Екінші. Жұмыс сипатына қарамастан, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын толық қорғауды қамтамасыз ету, атап айтқанда, платформалық жұмыспен қамту, бірлескен жұмыс (бір жұмыс орнында жұмыс істейтін екі адам), жылжымалы кесте, төрт күндік жұмыс аптасы және басқалар.


Үшінші. Онлайн-платформалармен стандартты жария түрдегі шарт арқылы интернет-платформалар негізінде жұмыс істейтін адамдарды танудың және әлеуметтік аударымдардың (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына) болуын анықтаудың қарапайым рәсімін енгізу.


Төртінші. Табысқа салынатын төмендетілген салықтық жүктемені көздейтін біріккен төлемді енгізу есебінен салықтарды, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды төлеу тетігін барынша оңайлату ұсынылады. Бұл ретте бірыңғай жиынтық төлемді алып тастау да жоспарлануда.


Бесінші. Жұмыстан айырылу (жоғалған кірістің 40-тан 45%-ға дейін), жүктілік және босану кезінде кірістен айырылу (100%) тәуекелдері туындаған жағдайда қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төленетін жоғары төлемдермен қамту көзделеді, сондай-ақ бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдердің ұзақтығы 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұлғаяды.


Аталған шаралар еңбек қатынастарын жеңілдетілген ресімдеу мен жаңа ынталандырулар есебінен енгізудің бірінші кезеңінің өзінде-ақ қызметін ресмилендіруге және кемінде 300 мың бейресми жұмыспен қамтылған адамды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Барлық осы жаңа енгізілімдердің мақсаты – еңбек ететін қазақстандықтарды әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне қосу арқылы оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету екенін атап өту қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыс #Еңбекмині #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда британдық туристердің көлігі сорға батып қалды

Бүгін 15:26

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Бүгін 14:01

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);