Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандағы есірткі алқаптары ғарыштық мониторин...

Қазақстандағы есірткі алқаптары ғарыштық мониторинг арқылы табылды

Әлеумет 13.07.2022, 10:57 1,140
Қазақстандағы есірткі алқаптары ғарыштық мониторинг арқылы табылды
Сурет: Mvdmedia.ru

Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Үкіметінің ерекше бақылауында.


ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті, «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, «Қарасора»  операциясы шеңберінде ғарыштық мониторинг көмегімен есірткі планантациясын анықтау бойынша жұмыстарды жүргізуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жабайы өсетін қарасораның өсу алаңдары және құрамында есірткі заттары көп каннабисті өсіру олардың заңсыз айналымын тек ел ішінде ғана емес, одан тыс жерлерде де ынталандырады.


Осыған байланысты, ЦДИАӨМ ғарыштық мониторингтің заманауи технологияларын қолдана отырып, 2022-2023 жылдарға арналған есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу шараларын жетілдіру бойынша бастамашылық жасалған Жол картасын іске асыру үшін ҚР Ішкі сітер министрлігімен белсенді жұмыстарды жүргізуде.



«Құрамында есірткі бар өсімдіктердің ареалдарын анықтаудың тиімді әдістерінің бірі - жерді қашықтықтан зондтау, оны қолдану тәжірибесін «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ мамандары зерделеп, кезең-кезеңімен енгізуде. 2022 жылы ғарыштық мониторинг нәтижесінде 686,000 шаршы шақырым аумақ қамтылып, онда каннабис өсіруден зардап шеккен учаскелер анықталды. Учаскелер Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл және Қызылорда облыстарында орналасқан», - деп атап өтті ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов.



Айта кету керек, 2019 жылы  ғарыштық мониторингтің көмегімен Қызылорда және Жамбыл облыстарында 123,  2020 жылы – 94, ал 2021 жылы тек Қызылорда облысының аумағында – 77 есірткі егілген алқаптар анықталды.


Ғарыштық мониторинг деректерін верификациялау «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және ІІМ-нің арнайы бөлімшелері қызметкерлерінің есірткі плантациялары анықталған жерлерге баруы арқылы жүзеге асырылады.


Сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктер ареалдарының орналасқан жері туралы деректерді ұсынудың жеделдігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін отандық KazEOSat-1 және KazEOSat-2 ғарыш аппараттарынан, сондай-ақ шетелдік жерсеріктерден алынған ғарыштық түсірілімдерін пайдалана отырып, ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және түсіндіру жөніндегі іс-шаралар кешені жүргізіледі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #алқап #есірткі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бектенов «Семей орманы» резерватының жарақтандырылу деңгейін тексерді

Бүгін 17:00

Құтқаруға берілетін 96 сағат: кене шаққанда не істеу керек және Алматыда қайда жүгінуге болады?

Бүгін 16:23

Дина Исламбекова бокстан Азия чемпионатында алтын медальға ие болды

Бүгін 16:06

Алматыда өңірлік «Аналитика мектебіне» өтінім қабылдау басталды: қатысушылар қаланың болашағы үшін шешімдер әзірлейді

Бүгін 15:46

Қазақстанда мұғалімдерді аттестаттауға қатысты жаңа өзгерістер енгізілді

Бүгін 15:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика