AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандағы дәрі-дәрмек саласының өндіріс көлемі...

Қазақстандағы дәрі-дәрмек саласының өндіріс көлемі өсті

Әлеумет 14.06.2022, 08:12 1,201
Қазақстандағы дәрі-дәрмек саласының өндіріс көлемі өсті
Сурет: Seanews.ru

Фармацевтикалық өнімнің көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 124% құрайды.


 Қазақстан Үкіметінің отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мемлекеттегі фармацевтика саласында өндіріс көлемі өскенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz cілтеме жасап.



«Жалпы, фармацевтика саласында өндіріс көлемінің өскенін атап өткен жөн. 2021 жылы фармацевтика өнеркәсібі оң серпін көрсетті, бұл ретте фармацевтикалық өнімнің көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 124%-ды құрайды. Биыл қаңтар-сәуір айларында фармацевтикалық өнім көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5%-ға өсті», - деп атап өтті ведомство басшысы.



Айтуынша, қазақстандық фармацевтика өнеркәсібі мемлекеттік қолдаудың арқасында тиімді инвестициялардың үлкен әлеуетіне ие болды.



«Осылайша, отандық тауар өндірушілермен мемлекеттік қолдаудың арқасында 10 жылға ұзақ мерзімді шарттар жасалды және ол сатып алу үлесін ақшалай мәнде 2010 жылы 15%-дан 2021 жылы 41%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Фармацевтикалық кәсіпорындар негізінен Алматы, Қарағанды облыстарында, Шымкент және Алматы қалаларында шоғырланған», - деді министр.



Белгілі болғандай, елдің қазіргі фармацевтикалық өндірісі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті тек қана 24%-ға қамтамасыз етеді.



«Бұл ретте отандық дәрілік заттарды өндіруге арналған технологиялар мен компоненттердің, сондай-ақ фармацевтикалық препараттар мен субстанциялардың импортына тәуелді болып отыр. Бұдан басқа фармацевтика саласындағы отандық ғылым мен білімнің әлеуеті мен қаржыландыру мәселелері төмен деңгейде», - деді Ажар Ғиният.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрі-дәрмек #фармацевтика #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Кеше 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Кеше 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Кеше 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Кеше 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика