AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау / Президент Жолдауы: 77 мыңнан астам дәрігердің жала...

Президент Жолдауы: 77 мыңнан астам дәрігердің жалақысы 40%-ға дейін ұлғаяды

Жолдау Бүгін 13:35 47
Президент Жолдауы: 77 мыңнан астам дәрігердің жалақысы 40%-ға дейін ұлғаяды
Primeminister.kz

Елдің барлық өңірлерінде 70-ке жуық жаңа денсаулық сақтау нысандарын салу жоспарлануда, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Министрлік өңірлердегі медициналық-демографиялық жағдайды және тиімділік өлшемшарттарын ескере отырып, денсаулық сақтау нысандарын салу қажеттілігіне талдау жүргізуді бастады. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады.

Талдау қорытындысы бойынша елдің барлық өңірлерінде 70-ке жуық жаңа денсаулық сақтау нысандарын салу жоспарлануда, оның ішінде:

  • Ана мен бала денсаулығын қорғау, босандыру қызметі сапасын арттыру мақсатында Астана (2), Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қаскелең, Қызылорда, Орал қалаларында 1 700 төсекке арналған 8 заманауи перинаталдық орталық;

  • Балаларға көрсетілетін медициналық көмекті кеңейту және мамандандырылған, жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Қаскелең, Семей, Ақтау қалаларында жалпы 1 550 төсек болатын 7 көпбейінді балалар ауруханасы, Астанада 200 төсекке арналған Балаларға шұғыл көмек көрсету орталығы және 350 төсекке арналған Балалар хирургиясы орталығы салынады.

  • жалпы 750 төсекті құрайтын Алматы, Ақтау, Атырау, Қызылорда, Семей қалаларында Балаларды оңалтудың ұлттық орталығының 5 жаңа үлгілік өңіраралық филиалдары;

  • 8 ірі денсаулық сақтау объектісі, оның ішінде Өскеменде 300 төсекке арналған көпбейінді аурухана, Жамбыл облысында 325 төсекке арналған жұқпалы аурулар ауруханасы, Абай және Түркістан облыстарында 300 төсекті көпбейінді ауруханалар, емханалар мен мамандандырылған корпустар. Бұл медициналық көмекті халыққа қолжетімділігі мен сапасын арртыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар 25 амбулаториялық-емханалық нысан, аудандық ауруханалар, жедел медициналық жәрдем нысандары,  қан орталықтары және басқа да мамандандырылған мекемелер бой көтереді.

«Нәтижесінде шамамен 1,8 млн шаршы метр медициналық инфрақұрылымды құру және жаңарту, стационарлардағы  төсек санын 9,2 мыңға ұлғайту және жаңғырту, сондай-ақ амбулаториялық көмек қуатын ауысымына 5 мыңнан астам келушіге көбейту жоспарлануда. Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде кадрлық әлеуетті нығайту және медициналық-санитариялық алғашқы көмек жүйесіндегі жұмыстың тартымдылығын арттыру мақсатында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік қызмет мамандарына сараланған қосымша ақы белгілеу енгізіледі. Қосымша ақы үздіксіз еңбек өтілі мен психоэмоционалдық жүктемеге байланысты төленетін болады», — деп атап өтті министр.

Осылайша, емхана жүйесінде жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысы үздіксіз еңбек өтілін ескере отырып 40%-ға дейін ұлғаяды. Бұл шара 77 мыңнан астам медициналық қызметкерлерді қамтиды. Еңбекақыны арттыру алғашқы буын медицина қызметкерлерінің тапшылығын азайтуға, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша медициналық көмектің қолжетімді, уақтылы және сапалы алуына оң ықпал етеді. Денсаулық сақтау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп Мемлекет басшысы қойған барлық міндеттердің уақтылы орындалуын қамтамасыз ететін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Аванстық төлемді төлеудің тәртібі мен салық жеңілдігін қолдану жағы қалай өзгерді?

Бүгін 14:05

Қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің 14-ші отырысы: Олжас Бектенов пен Адылбек Касымалиев тауар айналымын арттыру мәселелерін талқылады

Бүгін 14:02

Қазақстан мен Қырғызстан премьер-министрлері Бішкекте ІІ өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

Бүгін 13:52

Үкіметте Петропавл қаласының әуежайын дамыту мәселелері қаралды

Бүгін 13:48

ТМҰ-ға мүше елдер басшылары түркі әлемі өнер шеберлерінің концертін тамашалады

Бүгін 13:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);